Қамысқала ауылдық округіне қарасты Алакөл және Ұялы ауылдарындағы атаусыз көшелерге ат қою туралы Қолданыста
Басқа 0
Қамысқала ауылдық округіне қарасты Алакөл және Ұялы ауылдарындағы атаусыз көшелерге ат қою туралы
"Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармағына сәйкес, Алакөл аудандық қоғамдық ономастика комиссиясының келісімі негізінде және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Қамысқала ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қамысқала ауылдық округіне қарасты Алакөл ауылындағы атаусыз көшеге "Балықшы" аты қойылсын.
Тармақ 2
2. Қамысқала ауылындағы атаусыз көшеге "Ұялы" аты қойылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуына бақылау және іс жүзіне асыру жұмыстарын жүргізу Қамысқала ауылдық округ әкімі аппаратының іс жүргізу жөніндегі бас маманы Эльмира Жұмабекқызы Адасоваға жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
Аудан әкімінің орынбасары,
аудандық қоғамдық ономастика
комиссиясының төрағасы
С. Д. Меңлібаева
13 қазан 2010 жыл