Об утверждении Соглашения между Правительством Республики Казахстан и Правительством Румынии об экономическом сотрудничестве Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Румыния Үкіметі арасындағы экономикалық ынтымақтастық туралы келісімді бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2010 жылғы 2 наурызда Астана қаласында қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Румыния Үкіметі арасындағы экономикалық ынтымақтастық туралы келісім бекітілсін.
Тармақ 2. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Румыния Үкіметі арасындағы экономикалық ынтымақтастық туралы келісім (2011 жылғы 31 мамырда күшіне енді - Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары Бюллетені, 2011 ж., № 3, 52-құжат)
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Румыния Үкіметі арасындағы экономикалық ынтымақтастық туралы келісім (2011 жылғы 31 мамырда күшіне енді - Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары Бюллетені, 2011 ж., № 3, 52-құжат)
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Румыния Үкіметі (бұдан әрі «Тараптар» деп аталады),
теңдік және өзара пайда негізінде өзара мүдделілікті білдіретін салалардағы экономикалық ынтымақтастықтың дамуына жәрдемдесуге ниет білдіре отырып,
экономикалық ынтымақтастықтың одан әрі тереңдеуіне, нығаюына және кеңеюіне өзара мүдделілікті есепке ала отырып,
төмендегілер туралы келісті:
Бап 1. 1-бап
1-бап
Тармақ 1
1. Тараптар ұлттық заңнамаларының шеңберінде, өз мемлекеттерінің халықаралық міндеттемелерін назарға ала отырып оларға өзара мүдделілік пен пайда әкелуі мүмкін барлық салалардағы экономикалық ынтымақтастықты дамыту және нығайту үшін барлық мүмкін болатын шараларды жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Ынтымақтастық мыналарға бағытталған:
Тармақша а
а) Тараптар мемлекеттерінің арасындағы экономикалық байланыстарды нығайту және әртараптандыру;
Тармақша б
б) бірлескен жобаларды дамыту мақсатында Тараптар мемлекеттерінің сыртқы экономикалық қызметінің субъектілері арасында жаңа іскерлік байланыстарды көтермелеу және қолданыстағыларын кеңейту;
Тармақша в
в) экономикалық ынтымақтастықтың әртүрлі нысандарын жолға қою және біріздендіру мақсатында Тараптар мемлекеттерінің құзыретті органдары арасындағы өзара іс-қимыл жасасуды көтермелеу.
Бап 2. 2-бап
2-бап
Тармақ 1
1. Осы Келісімнің 1-бабында көзделген ынтымақтастық мынадай салаларда Тараптар арасында жүзеге асырылады:
Тармақша а
а) өнеркәсіп,
Тармақша б
б) энергетика,
Тармақша в
в) инвестициялық қызмет,
Тармақша г
г) технологиялар және коммуникациялар,
Тармақша д
д) көлік,
Тармақша е
е) ауыл шаруашылығы,
Тармақша ж
ж) қоршаған ортаны қорғау,
Тармақша з
з) туризм.
Тармақ 2
2. Тараптар ынтымақтастықтың басымдықты салаларын айқындау мақсатында консультациялар жүргізеді.
Бап 3. 3-бап
3-бап
Тармақ 1
1. Осы Келісімде көзделген экономикалық ынтымақтастық Тараптар мемлекеттерінің заңнамаларына сәйкес қазақ және румын сыртқы экономикалық қызмет субъектілерінің арасындағы шарттар мен келісім-шарттар негізінде артықшылықты жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Тараптар экономикалық ынтымақтастықты кеңейту мақсатында қолайлы жағдайлар жасау бойынша барлық мүмкін болатын күш-жігерін, атап айтақанда мынадай:
Тармақша а
а) қолайлы инвестициялық жағдай жасау;
Тармақша б
б) экономикалық ақпарат алмасуға жәрдемдесу;
Тармақша в
в) олардың сыртқы экономикалық қызметінің субъектілері арасында байланыстар орнатуға жәрдемдесу;
Тармақша г
г) Тараптар мемлекеттерінің аумақтарында жүргізілетін көрмелерді, жәрмеңкелерді және симпозиумдарды ұйымдастыруға жәрдемдесу жолдарымен қолданады.
Бап 4. 4-бап
4-бап
Экономикалық ынтымақтастықты дамытуды жетілдіру мақсатында Тараптардың тиісті органдары мыналарға қатысты ақпаратпен алмасуды қамтамасыз етуге бағытталған күш-жігерлерді қолданады:
Тармақша а
а) экономикалық, оның ішінде инвестициялар, мемлекеттік тапсырыстар мен тендерлер, стандарттау және сертификаттау, лицензиялау, өнеркәсіптік меншік құқықтарын, авторлық және жанама құқықтарды қорғау саласында, сондай-ақ өзара мүдделілікті танытатын өзге салалардағы қызметті реттейтін заңнама;
Тармақша б
б) халықаралық экономикалық ұйымдарға және интеграциялық білім беруге, сондай-ақ осы ұйымдарға және білім берулерге кірумен байланысты процестерге қатысу;
Тармақша в
в) әлеуеттік серіктестерді жақындастыруға бағытталған тауарлар мен қызметтерді жылжыту бойынша шаралар, оның ішінде көрмелерді, жәрмеңкелерді және экономикалық миссияларды ұйымдастыруға қатысты қолданыстағы жеңілдіктер туралы, сондай-ақ экономикалық ақпарат жүйелері туралы мәліметтер.
Бап 5. 5-бап
5-бап
Осы Келісімнің ережелерін жүзеге асыру мақсатында Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі қазақстандық-румыниялық үкіметаралық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) әрекет етеді. Комиссия Келісім шеңберінде ынтымақтастық нәтижелерін қарастырады және Келісім мақсаттарын орындау үшін ұсынымдар береді.
Бап 6. 6-бап
6-бап
Осы Келісімнің ережелерін қолдану Тараптардың халықаралық міндеттемелерін қозғамайды. Оны қолдану кезінде сонымен қатар Румынияның Еуропалық Одаққа мүшелігінен туындайтын міндеттемелерді қозғамайды.
Осы Келісім жою немесе Еуропалық одақпен немесе бір тарап Еуропалық Одақ және оған мүше мемлекеттер және екінші тарап Қазақстан Республикасы арасында жасалған келісімдерден туындайтын міндеттемелерге өзге теріс әсер етуді көрсету мақсатында түсіндірілмейді және қолданылмайды.
Бап 7. 7-бап
7-бап
Осы Келісімді қолдану және түсіндіру кезінде, сондай-ақ осы Келісімде көзделген міндеттерді Тараптардың бірінің бұзуынан Тараптар арасында туындаған даулар Тараптар арасындағы келіссөздер мен консультациялар жолымен шешіледі.
Бап 8. 8-бап
8-бап
Осы Келісім Тараптардың өзара келісімі бойынша өзгертілуі немесе толықтырылуы мүмкін. Мұндай өзгерістер мен толықтырулар осы Келісімнің 9-бабында көзделген тәртіпте күшіне енетін жекелеген хаттамалармен ресімделеді және оның ажырамас бөлігі болып табылады.
Бап 9. 9-бап
9-бап
Тармақ 1
1. Осы Келісім белгісіз мерзімге жасалады және Келісімнің күшіне енуіне қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны алған күннен бастап күшіне енеді.
Тармақ 2
2. Осы Келісімнің әрекеті Тараптардың біреуінің бұл туралы жазбаша хабарламасын алу жолымен тоқтатылуы мүмкін. Келісім өз әрекетін мұндай хабарламаны екінші Тарап алған күннен бастап алты ай өткеннен кейін тоқтатады.
Тармақ 3
3. Осы Келісімнің әрекетін тоқтату оның әрекеті кезеңінде жасалған бағдарламалар мен келісім-шарттарды орындауға әсер етпейді, Тараптар өзгедей келіскен жағдайларды қоспағанда.
Тармақ 4
4. Осы Келісім күшіне енген күннен бастап 1999 жылы 17 маусымда қол қойылған Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Румыния Үкіметі арасындағы (сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімнің күші жойылды деп есептелсін.
2010 жылы 2 наурызда Астана қаласында әрқайсысы қазақ, румын және орыс тілдеріндегі екі түпнұсқалық данада жасалды, әрі барлық мәтін бірдей күшке ие. Осы Келісімнің ережелерін түсіндіруде алшақтықтар туындаған жағдайда Тараптар орыс тіліндегі мәтінді басшылыққа алатын болады.
Қазақстан Республикасының Румыния Үкіметі үшін Үкіметі үшін
2010 жылғы 2 наурызда Астана қаласында қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Румыния Үкіметі арасындағы Экономикалық ынтымақтастық туралы келісімнің бұл көшірмесінің дәлдігін куәландырамын.
Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министрлігі
Халықаралық-құқық
департаментінің
Басқарма бастығы Б. Пискорский