Абай ауылындағы атауы жоқ көшелерге атау беру және көше атауын өзгерту туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.10.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Абай ауылындағы атауы жоқ көшелерге атау беру және көше атауын өзгерту туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабына және «Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14-бабына сәйкес, Абай ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Атаусыз көшелерге:
Тармақша 1
1) Абай ауылы Автостанция мөлтек ауданындағы атаусыз № 2 көшеге Нұрдәулет Ақышев;
Тармақша 2
2) Абай ауылы Автостанция мөлтек ауданындағы атаусыз № 3 көшеге Нұрмаханбет Жұматаев;
Тармақша 3
3) Абай ауылындағы орталық стадион маңындағы атаусыз көшеге Рымкүл Табылдиева атаулары берілсін.
Тармақ 2
2. Абай ауылындағы Киров көшесі Мырзалы Юсупов атауына өзгертілсін.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау ауыл әкімінің орынбасары Ш.Тұрсынбаевқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.