О некоторых вопросах обеспечения горюче-смазочными материалами сельскохозяйственных товаропроизводителей Қолданыста
Басқа 0
Ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiн жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз етудiң кейбiр мәселелерi туралы
"Заттай нысанда роялти төлеу туралы және ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердi жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 4 наурыздағы N 353 қаулысына сәйкес алынған жанар-жағармай материалдарын ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiне сатуды реттеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Қоса берiлiп отырған:
2000 жылы жер қойнауын пайдаланушылар роялти төлеудiң есебiне беретiн шикi мұнайды сатудан түскен қаражаттың есебiнен алынған жанар-жағармай материалдарын ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiне сатудың тәртiбi;
Жер қойнауын пайдаланушылар роялти төлеудiң есебiне беретiн шикі мұнайды сатудан түскен қаражаттың есебiнен алынған жанар-жағармай материалдарын ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiне сатудың бағасын белгiлеуге арналған ведомствоаралық комиссияның құрамы туралы ереже;
Жер қойнауын пайдаланушылар роялти төлеудiң есебiне беретiн шикi
мұнайды сатудан түскен қаражаттың есебiнен алынған жанар-жағармай
материалдарын сатудың бағасын белгiлеуге арналған ведомствоаралық
комиссияның құрамы бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және
жариялауға жатады.
Басқа 3. Ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiне жанар-жағармай
материалдарын сатудың
тәртiбi
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2000 жылғы 17 наурыздағы
N 412 қаулысымен
бекiтiлген
Ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiне жанар-жағармай
материалдарын сатудың
тәртiбi
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Тәртiп жер қойнауын пайдаланушылар роялти төлеудiң есебiне
беретiн шикi мұнайды сатудан түскен қаражаттың есебiнен алынған
жанар-жағармай материалдарын 2000 жылғы көктемгi дала және егін жинау
жұмыстарының мұқтажы үшiн ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiне сатудың
тәртiбiн белгілейдi.
📌 Ескерту. 1-тармақ өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 10.07.2000 N 1041 қаулысымен.
Тарау 2. 2. Ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiне
жанар-жағармай материалдарын сату жөнiндегi
операторларды белгiлеу
2. Ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiне
жанар-жағармай материалдарын сату жөнiндегi
операторларды белгiлеу
Тармақ 2
2. Ауыл шаруашылығы тауар өндірушiлерiне жанар-жағармай материалдарын
сату жөнiндегi операторларды (бұдан әрi - Сату жөнiндегi операторлар)
тендерлiк негізде облыстардың әкiмдерi белгiлейдi. Сату жөнiндегi
операторларға оларды тендерге жiберу үшiн қойылатын негізгi талаптар мұнай
өнiмдерiн жеткiзу, сақтау және босату үшiн қажетті материалдық-техникалық
базасы мен инфрақұрылымның болуы болып табылады.
Көрсетiлетiн қызметтердiң бағасы жеңiмпаздарды анықтаудың өлшемi
болып табылады.
Тарау 3. 3. Жанар-жағармай материалдарын
сатып алушы ауыл шаруашылығы
тауар өндiрушiлерiн айқындау
3. Жанар-жағармай материалдарын
сатып алушы ауыл шаруашылығы
тауар өндiрушiлерiн айқындау
Тармақ 3
3. Жанар-жағармай материалдарын сатып алушы ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiнiң тiзбесiн (бұдан әрi - Тiзбе) Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiмен келiсiм бойынша облыстардың әкiмдерi белгiлейдi.
Тармақ 4
4. Ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерi мынадай талаптарға сәйкес келуi:
Тармақша 1
1) жер ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiру үшiн жердi пайдалануға байланысты өндiрiсiнiң немесе қызметiнiң негізгі құралы болып табылатын заңды тұлға немесе жеке адам болуы;
Тармақша 2
2) салықтар мен бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша қарыздары болмауы және бюджеттiң алдында басқа мiндеттемелерi болмауы тиiс.
Тарау 4. 4. Жанар-жағармай материалдарын
сатудың бағасын белгiлеу және оны бақылауды жүзеге асыру
4. Жанар-жағармай материалдарын
сатудың бағасын белгiлеу және оны бақылауды жүзеге асыру
Тармақ 5
5. "Мұнай-Импекс" экспорттық-импорттық фирмасы" жауапкершiлiгі шектеулi серiктестiк (бұдан әрi - "Мұнай-Импекс"), сол сияқты Сату жөнiндегi операторлар босататын жанар-жағармай материалдарын сатудың бағасын оларды тасымалдау, сақтау жөнiндегi шығындарды ескере отырып жанар-жағармай материалдарын сатудың бағасын белгiлеуге арналған ведомствоаралық комиссия (бұдан әрi - ВАК) белгiлейдi.
📌 Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 10.07.2000 N 1041 қаулысымен.
Тармақ 6
6. Тағайындалған бағалардың деңгейi сақталуын бақылауды облыстардың әкiмдерiмен бiрлесiп Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi жүзеге асырады.
Тарау 5. 5. Облыстар бойынша жанар-жағармай материалдарын сатудың
лимитi және оларды ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiне
өткiзудiң тетiгi
5. Облыстар бойынша жанар-жағармай материалдарын сатудың
лимитi және оларды ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiне
өткiзудiң тетiгi
Тармақ 7
7. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi өндiрiлетiн өнiмнiң басымдығы негiзiнде және көктемгi дала және егін жинау жұмыстарының күтiлетiн көлемдерiн ескере отырып, облыстар бойынша жанар-жағармай материалдарын сатудың лимиттерiн айқындайды және бекiтедi. Нақты ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiсiне жанар-жағармай материалдарын сатудың ең көп мөлшерiн Ауыл шаруашылығы министрлiгiмен бiрлесiп бекiтiлген жоғары лимиттердiң шеңберiнде және ол iс жүзiнде өңдейтiн егiс алаптарының мөлшерiне сайма-сай облыстардың әкiмдерi белгiлейдi.
📌 Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 10.07.2000 N 1041 қаулысымен.
Тармақ 8
8. "Мұнай-Импекс" жер қойнауын пайдаланушылар роялти төлеудiң есебiне беретiн шикi мұнайды сатудан түскен ақшаның есебiнен iшкi рыноктан еркiн баға бойынша жанар-жағармай материалдарын сатып алып, ВАК тағайындаған және бекiтiлген лимиттің мөлшерiндегi бағалар бойынша оларды Сату жөнiндегi операторларға сатады.
📌 Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 10.07.2000 N 1041 қаулысымен.
Тармақ 9
9. Сату жөнiндегi операторлар жанар-жағармай материалдарын "Мұнай-Импекстен" сатып алады, оларды мұнай өңдеу зауыттарынан соңғы терминалдарға дейiн жеткiзедi және ВАК тағайындаған бағалар бойынша, Тiзбеге енгiзiлген ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiне сатады.
📌 Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 10.07.2000 N 1041 қаулысымен.
Тармақ 10
10. Ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерi жанар-жағармай материалдарын
сатып алу кезiнде Сату жөнiндегi операторлармен келiсiм-шарт жасасады және
өз мiндеттемелерiн бұзғаны үшiн айыппұл санкцияларын көрсете отырып
(нарықтық баға құнынан айырмашылықты 30 процент айыппұлмен қайтару) оларды
мақсатты пайдалану жөнiнде өздерiне мiндеттеме қабылдайды.
Тармақ 11
11. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi облыстар
мен аудандардың әкiмдерiмен бiрлесiп, ауыл шаруашылығы тауар өндірушiлерi
сатып алған жанар-жағармай материалдарының мақсатты пайдаланылуын
бақылауды жүзеге асырады.
Басқа 22. Жанар-жағармай материалдарын ауыл шаруашылығы тауар
өндiрушiлерiне сатудың бағасын белгiлеуге арналған
ведомствоаралық комиссия туралы
ЕРЕЖЕ
Қазақстан Республикасы Yкiметінiң
2000 жылғы 17 наурыздағы
N 412 қаулысымен
бекiтiлген
Жанар-жағармай материалдарын ауыл шаруашылығы тауар
өндiрушiлерiне сатудың бағасын белгiлеуге арналған
ведомствоаралық комиссия туралы
ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Жанар-жағармай материалдарын сатудың бағасын белгiлеуге арналған ведомствоаралық комиссия (бұдан әрi - Комиссия) жер қойнауын пайдаланушылар 2000 жылы роялти төлеудiң есебiне беретiн және тұқым себу науқанының мұқтажына ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерi үшiн арналған шикi мұнайды сатудан түскен қаражаттан алынған жанар-жағармай материалдарын сатудың тәртiбiн белгiлеу мақсатында құрылады.
Тармақ 2
2. Комиссияның құрамын Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтедi.
Тармақ 3
3. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын,
заңдарын және өзге де нормативтiк-құқықтық актiлердi, сондай-ақ осы
Ереженi басшылыққа алады.
Тарау 2. 2. Комиссияның мiндеттерi мен функциялары
2. Комиссияның мiндеттерi мен функциялары
Тармақ 4
4. Ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiне Сату жөнiндегі операторлар
сататын жанар-жағармай материалдарының босату бағалары деңгейiн айқындау.
Тармақ 4-1
4-1. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi
бекiтетiн жанар-жағармай материалдарының жоғарғы лимиттерi көлемдерiн
келiсу.
📌 Ескерту. 4-1-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 10.07.2000 N 1041 қаулысымен.
Тарау 3. 3. Комиссияның құқықтары
3. Комиссияның құқықтары
Тармақ 5
5. Комиссияның өзiнiң алдына қойылған мiндеттердi шешуi үшiн:
орталық және жергiлiктi атқарушы органдардан, мемлекеттiк кәсiпорындардан және басқа ұйымдардан белгiленген тәртiппен комиссияға жүктелген мiндеттердi орындау үшiн қажеттi ақпаратты сұратуға және алуға;
Қазақстан Республикасының Үкiметiне белгiленген тәртiппен жер қойнауын пайдаланушылар роялти төлеудiң есебiне беретiн шикi мұнайды сатудан түскен қаражаттан алынған жанар-жағармай материалдарын 2000 жылы ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiне сату мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдау, өзгерту және тоқтату жөнiнде ұсыныстар енгізуге;
белгiленген тәртiппен өз құзыретiне енетiн мәселелердi шешу үшiн, министрлiктердiң, ведомстволардың, кәсiпорындардың және ұйымдардың тиiстi бейiндегi мамандарын тартуға құқығы бар.
Тарау 4. 4. Комиссияның қызметiн ұйымдастыру
4. Комиссияның қызметiн ұйымдастыру
Тармақ 6
6. Комиссияны, оның жұмысын ұйымдастыратын және осы Ереже Комиссияға жүктеген міндеттер мен функциялардың уақытылы және сапалы орындалуы үшiн
жеке жауаптылықта болатын, Төраға басқарады.
Тармақ 7
7. Комиссия Төрағасының функцияларын ол болмаған жағдайда төрағаның орынбасары атқарады.
Тармақ 8
8. Комиссия өзiнiң отырыстарын апта сайын өткiзедi.
Тармақ 9
9. Комиссияның шешiмi Комиссия мүшелерiнiң қарапайым көпшiлiк
дауысымен қабылданады. Дауыс саны тең болған жағдайда - Төрағаның
дауысының шешушi маңызы болады.
Тармақ 10
10. Комиссияның барлық шешiмдерi ұсыным сипатында болады және тиiстi
Хаттамамен ресiмделедi.
Басқа 38. Жанар-жағармай материалдарын ауыл шаруашылығы тауар
өндiрушiлерiне сатудың бағасын белгiлеу жөнiндегі
ведомствоаралық комиссияның
құрамы
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2000 жылғы 17 наурыздағы
N 412 қаулысымен
бекiтiлген
Жанар-жағармай материалдарын ауыл шаруашылығы тауар
өндiрушiлерiне сатудың бағасын белгiлеу жөнiндегі
ведомствоаралық комиссияның
құрамы
📌 Ескерту. Қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 10.07.2000 N 1041 қаулысымен.
Қаппаров - Қазақстан Республикасының Энергетика,
Нұрлан Жамбылұлы индустрия және сауда вице-министрi,
төраға
Мырзахметов - Қазақстан Республикасының
Асқар Исабекұлы Ауыл шаруашылығы вице-министрi,
төрағаның орынбасары
Аймақов - Қазақстан Республикасының
Бауыржан Жаңабайұлы Қаржы министрлiгi Фискальдық саясат
және болжамдар департаментiнiң
директоры
Бәзiлжанов - Қазақстан Республикасының
Ерболат Кәрiбжанұлы Ауыл шаруашылығы министрлiгi
Егiншiлiк департаментiнiң директоры
Тiлеулесов - Қазақстан Республикасының
Биғали Жақсылықұлы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi
Iрi салық төлеушілер департаментiнiң
директоры
Шырдабаев - Қазақстан Республикасы Энергетика,
Жексен Мағауияұлы индустрия және сауда министрлiгi
Мұнай және газ департаментiнiң
директоры
Қасымов Борис - "Қазагро" Қазақстан республикалық
Ибрагимұлы фермерлер қауымдастығының
президентi