Об утверждении Правил проведения конкурса на занятие вакантной должности руководителя подведомственной организации Агентства Республики Казахстан по делам здравоохранения Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгiнiң ведомстволық бағыныстағы ұйымы басшысы лауазымының бос орнын иемденуге конкурс өткiзу Ережесiн бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгiнiң ведомстволық бағыныстағы ұйымдары басшыларының лауазымдық бос орындарын бiлiктi кадрлармен толықтыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Ұсынылып отырған Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгiнiң ведомстволық бағыныстағы ұйымы басшысы лауазымының бос орынын иемденуге конкурс өткiзу Қағидасы бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Агенттiктiң бөлiм басшылары Ереженiң 1-тармағында көрсетiлгендерге сәйкес ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың басшыларының лауазымдық бос орындарын толықтыруды қамтамасыз етсiн.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзiме қалдырамын.
Басқа 4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгiнiң ведомстволық бағыныстағы ұйымы басшысы лауазымының бос орынын иеленуге конкурс өткiзу ЕРЕЖЕСI
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау ісі
жөніндегі агенттігінің
2000 жылғы "___" қаңтардағы N____
бұйрығымен БЕКIТIЛГЕН
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгiнiң ведомстволық бағыныстағы ұйымы басшысы лауазымының бос орынын иеленуге конкурс өткiзу ЕРЕЖЕСI
Осы Қағида Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгiнiң (әрi қарай - Агенттiк) ведомстволық бағыныстағы ұйымы басшысы лауазымының бос орынын иеленуге жарияланатын конкурстың шарттары мен тәртiбiн анықтайды.
Тармақ 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Агенттiктiң ведомстволық бағыныстағы ұйымы басшысы лауазымының бос орынын иеленуге конкурс (әрi қарай - конкурс) тиiстi бiлiмi бар Қазақстан Республикасының азаматтарына денсаулық сақтаудың республикалық мекемелерiнiң басшылық лауазымына тең мүмкiндiк құқын қамтамасыз етедi.
Тармақ 2
2. Конкурсты оның жариялануы жайында бұқаралық ақпарат құралдарында хабарланғаннан кейiн Агенттiк жүргiзедi.
Тармақ 3
3. Агенттiк тиiстi лауазым орынын алуға үмiткерлердi iрiктеудi жүргiзуге өкiлеттiлiгi бар конкурстық комиссияны құрады.
Тармақ 4
4. Конкурстық комиссияның отырысы егер оның жұмысына комиссия мүшелерiнiң аз дегенде 2/3-сi қатысып отырған жағдайда құқылы болып есептеледi.
Тармақ 5
5. Конкурсты жариялау кезiнде қолданылып жүрген еңбек туралы заңдар мен осы Қағиданың талаптары сақталуы тиiс.
Тармақ 2. 2. Конкурс жариялаудың шарттары мен тәртiбi
2. Конкурс жариялаудың шарттары мен тәртiбi
Тармақ 6
6. Конкурсқа - хабарланған конкурс шарттарына сай келетiн тұлғалар қатысуға құқылы.
Тармақ 7
7. Конкурсқа қатысуға мынадай азаматтар жiберiлмейдi:
Тармақша 1
1) осы Ереженiң 6-тармағында белгiленген талаптарға сай келмейтiндер;
Тармақша 2
2) заң күшiне енген сот шешiмiмен белгiлi бiр мерзiм аралығында басшылық лауазымдарды алуға құқығынан айырылғандар;
Тармақша 3
3) заңдармен белгiленген басқа жағдайларда.
Тармақ 8
8. Конкурс ашық немесе жабық әдiспен өткiзiледi.
Тармақ 9
9. Ашық конкурсқа конкурс шарттарына сай келетiн Қазақстан Республикасының барлық азаматтарының қатысуға құқығы бар.
Тармақ 10
10. Жабық конкурсқа тек қана тиiстi ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың қызметкерлерiнiң қатысуға құқығы бар.
Тармақ 11
11. Ашық немесе жабық конкурс жариялау туралы шешiмдi Агенттiктiң басшылығы қабылдайды.
Тармақ 12
12. Конкурстың қатысушылары конкурс туралы хабарландыру жарияланғаннан кейiн қажеттi құжаттарын тапсырған азаматтар болып табылады.
Тармақ 13
13. Агенттiктiң ведомстволық бағыныстағы ұйымы басшысы лауазымының бос орынын алуға үмiткерлер (әрi қарай үмiткерлер) болып конкурстық комиссияның шешiмiмен тестiлеуге жiберiлгендер саналады.
Тармақ 14
14. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысушылар тапсырған құжаттарды қарайтын, үмiткерлердiң тестiлеу нәтижелерiн жүргiзетiн және қарайтын үмiткерлермен әңгiме өткiзетiн және арнайы отырыста Агенттiктiң ведомстволық бағыныстағы ұйымы басшысы лауазымының бос орнын алуға үмiткерлердi түпкiлiктi iрiктеудi жүргiзетiн алқалы орган болып табылады. Қажет болғанда комиссия отырысы конкурстың әр кезеңi бойынша жеке өткiзiледi.
Тармақ 15
15. Конкурс бiрқатар жүйелi кезеңдердi қамтиды:
Тармақша 1
1) конкурс өтетiндiгi туралы хабарландырудың жариялануы;
Тармақша 2
2) конкурстық комиссияның құрылуы;
Тармақша 3
3) конкурсқа қатысуға тiлек бiлдiрген азаматтардың құжаттарын қабылдау;
Тармақша 4
4) конкурсқа қатысушылардың құжаттарының Агенттiктiң ведомстволық бағыныстағы ұйымы басшысы лауазымына қойылатын талаптарға сәйкестiгiн алдын ала қарау;
Тармақша 5
5) үмiткерлердi тестiлеу;
Тармақша 6
6) конкурстық комиссия жүргiзетiн үмiткерлермен әңгiмелесу;
Тармақша 7
7) конкурстық комиссия жүргiзетiн лауазымның бос орнына үмiткерлердi iрiктеу;
Тармақша 8
8) конкурстық комиссияның қорытынды отырысы (тағайындау үшiн ақтық кепiлдеменi толтырумен).
Тармақ 16
16. Конкурсқа қатысуға кеткен шығындарды (конкурс өтетiн жерге бару, тестiлеу, әңгiмелесу, және керi қайту, тұрғын үй жалдау, тұру шығындары, барлық түрдегi байланыс қызметiн пайдалану) азаматтар өз қаржысы есебiнен өтейдi.
Тармақ 3. 3. Конкурс туралы хабарлау
3. Конкурс туралы хабарлау
Тармақ 17
17. Конкурс өтетiндiгi туралы хабарландыру Агенттiкпен республикалық бұқаралық ақпарат құралдарының ресми басылымдарында мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде жарияланады. Хабарландырудың қосымша басқа да бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануы мүмкiн.
Тармақ 18
18. Конкурстың өтетiндiгi туралы хабарландыру мынадай деректердi қамтуға тиiс:
Тармақша 1
1) Агенттiктiң атауы, тұрған жерi,почталық адресi, телефондары мен факстерi көрсетiле отырып;
Тармақша 2
2) Конкурсты өткiзу тәсiлi (ашық немесе жабық);
Тармақша 3
3) Бос орынның атауы, Агенттiкке ведомстволық бағыныстағы ұйымның аты көрсетiле отырып;
Тармақша 4
4) Агенттiк белгiлеген конкурсқа қатысушыға қойылатын негiзгi талаптар;
Тармақша 5
5) құжаттар қабылдау мерзiмi;
Тармақша 6
6) конкурсқа қатысушылар үшiн қажеттi құжаттар тiзбесi;
Тармақша 7
7) конкурс өткiзудiң мерзiмi мен орыны (қатысушылардың құжаттарын iрiктеу, үмiткерлердi тестiлеу мен әңгiмелесу, конкурстық комиссияның қорытынды отырысын қосқанда). Агенттiк басшылығының шешiмi бойынша, конкурстың бiр күн ішiнде өткiзiлуi мүмкiн.
Тармақ 19
19. Хабарландыру қолданылып жүрген заңдарға қайшы келмейтiн қосымша ақпараттарды қамтуы мүмкiн.
Тармақ 20
20. Өткiзiлген конкурстың нәтижелерi бойынша лауазымдық бос орын толтырылмаған жағдайда, жоғарыда белгiленген тәртiпте конкурс қайта жарияланады.
Тармақ 4. 4. Конкурстық комиссияны құру
4. Конкурстық комиссияны құру
Тармақ 21
21. Конкурстық комиссия Агенттiк Төрайымымен құрылады және бекiтiледi.
Тармақ 22
22. Конкурстық комиссия төрағадан және комиссия мүшелерiнен тұрады. Комиссия хатшысының мiндетi комиссия мүшелерiнiң бiрiне жүктеледi.
Тармақ 5. 5. Құжаттар қабылдау
5. Құжаттар қабылдау
Тармақ 23
23. Конкурсқа қатысуға тiлек бiлдiрген азаматтар Агенттiкке мынадай құжаттар тапсырады:
Тармақша 1
1) конкурсқа қатысуға тiлек бiлдiргендiгi туралы арыз;
Тармақша 2
2) толтырылған кадрлар есебi бойынша жеке парақ (нақтылы тұратын жерiнiң адресi мен телефоны, оның iшiнде контактылық, көрсетiлген);
Тармақша 3
3) нотариалды куәландырылған бiлiмi туралы құжаттардың көшiрмесi;
Тармақша 4
4) нотариалды куәландырылған еңбек кiтапшасының көшiрмесi;
Тармақша 5
5) белгiленген формадағы денсаулығы туралы анықтама;
Тармақша 6
6) 3х4 көлемiндегi 2 фотосурет;
Тармақша 7
7) хабарланған конкурс шарттарын растайтын басқа да құжаттар.
Тармақ 24
24. Конкурсқа қатысушылар олардың бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiптiк деңгейi мен беделiне қатысты қосымша ақпараттар ұсынуына болады /бiлiктiлiгiн арттырғандығы, ғылыми дәреже мен атақ берiлгендiгi туралы құжаттар, мiнездемелер, кепiлдемелер, ғылыми жариялымдар т.б./.
Тармақ 25
25. Конкурстық комиссияның қарауына құжат қабылдау мерзiмi iшiнде бiреу арқылы берiп жiберiлген немесе пошта арқылы салынған құжаттар да қабылданады.
Тармақ 26
26. Конкурсқа қатысушылардың құжаттары мен конкурстық комиссияның материалдары Агенттiктiң кадрлық қызметiнiң қызметкерiнде сақталады.
Тармақ 6. 6. Конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қарау
6. Конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қарау
Тармақ 27
27. Конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қарауды құжаттарды қабылдау аяқталған соң конкурстық комиссия жүзеге асырады.
Тармақ 28
28. Конкурстық комиссия 23-тармаққа байланысты, ұсынылған құжаттардың конкурстың шарттары мен талаптарына сәйкестiгiн талдайды.
Тармақ 29
29. Ұсынылған құжаттарды талдау негiзiнде конкурстық комиссия хаттаманы ресiмдей отырып, конкурсқа қатысушыларды тестiлеуге жiберу туралы шешiм қабылдайды.
Тармақ 7. 7. Yмiткерлердi тестiлеу
7. Yмiткерлердi тестiлеу
Тармақ 30
30. Тестiлеудiң мақсаты үмiткерлердiң бiлiм мен қабылетiн әдiл бағалау болып табылады.
Тармақ 31
31. Тестiлеудiң тәртiбiн конкурстық комиссия белгiлейдi.
Тармақ 32
32. Агенттiкке ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың қызмет түрiне қарай әр түрлi тестiлiк бағдарламалар белгiленуi мүмкін.
Тармақ 33
33. Тестiлеуден өткен үмiткерлер конкурстық комиссия арқылы тестiлеудiң нәтижесiмен танысады.
Тармақ 34
34. Әңгiмелесуге рұқсат алған үмiткерлер конкурстық комиссия жүргiзетiн әңгiмелесуден өту үшiн шақырылады.
Тармақ 8. 8. Yмiткерлермен әңгiмелесу
8. Yмiткерлермен әңгiмелесу
Тармақ 35
35. Әңгiмелесудiң мақсаты үмiткерлердiң кәсiптiк және жеке басылық қасиетiн бағалау болып табылады.
Тармақ 36
36. Yмiткерлердiң кәсiптiк және жеке басылық қасиетiн бағалау кезiнде конкурстық комиссия басшының бос орнына конкурс жарияланған белгiлi бiр мекеменiң ерекшелiктерiне, денсаулық сақтау ұйымының басшысына қойылатын талаптарға сүйенедi.
Тармақ 37
37. Конкурс жеңiмпазын анықтау үшiн әңгiмелесуден өткен кандидатуралар бойынша жабық дауыс беру жүргiзiледi.
Тармақ 9. 9. Конкурстық комиссияның қорытынды отырысы
9. Конкурстық комиссияның қорытынды отырысы
Тармақ 38
38. Қорытынды отырысында конкурстық комиссия үмiткерлердi ұсынған құжаттары, тестiлеу мен әңгімелесу нәтижелерi негiзiнде бағалап, олардың iшiнен лауазымдық бос орынды иеленушiлердi iрiктеп алады.
Тармақ 39
39. Конкурстық комиссияның шешiмi үмiткердiң қатысуынсыз жабық дауыс беру жолымен қабылданады.
Тармақ 10. 10. Лауазымдық бос орынға үмiткер iрiктеу жөнiндегi сайлау
10. Лауазымдық бос орынға үмiткер iрiктеу жөнiндегi сайлау
Тармақ 40
40. Лауазымдық бос орынға үмiткер iрiктеу жөнiндегi сайлау жабық дауыс беру жолымен жүреді. Оған конкурстық комиссияның мүшелерi қатысады.
Тармақ 41
41. Дауысты санау конкурстық комиссияның отырысына қатысқан барлық комиссия мүшелерiнiң қатысуымен жүргiзiледi.
Тармақ 42
42. Yмiткер, егер ол үшiн комиссия құрамынан қатысып отырғандардың көпшiлiгi дауыс берсе лауазымдық бос орынға сайланған болып табылады. Дауыстар саны тең болса, конкурстық комиссия төрағасының дауысы шешушi болып саналады.
Тармақ 43
43. Қорытынды отырыстағы талқылау барысы мен сайлау нәтижесi хаттамаға жазылады, оған конкурстық комиссияның отырысына қатысқан конкурстық комиссияның барлық мүшелерiнiң қолдары қойылып, Агенттiк Төрайымына ұсынылады.
Тармақ 44
44. Егер конкурстық комиссияның отырысы нәтижесінде лауазымдық бос орынға лайықты үмiткерлер анықталмаса, онда Агенттiкпен конкурс қайта жариялануы мүмкiн.
Тармақ 45
45. Конкурстық комиссия әңгiмелесуден өткен үмiткерлердi конкурс нәтижесi туралы отырыс болған күнi, немесе кейiн, бiрақ әңгiмелесу бiткен соң 5 күннен көп емес уақытта таныстырады...
Тармақ 11. 11. Yмiткердiң бос орынды иеленуi
11. Yмiткердiң бос орынды иеленуi
Тармақ 46
46. Конкурстық комиссия жұмысының нәтижесi бойынша Агенттiк Төрайымы жарияланған бос орынға ие болған ведомстволық қарасты ұйымның басшысын тағайындау туралы тиiстi бұйрық шығарады.
Тармақ 47
47. Конкурстық комиссия лауазымдық бос орынға тағайындау үшiн ұсынған азаматты жұмысқа алу кезiнде оның әдейi жалған дерек бергенi анықталар болса, ол тиiстi лауазымдық қабылдаудан бас тартуға негiз болады. Бұл жағдайда конкурс қайта жарияланады.
Тармақ 12. 12. Шағымдану тәртiбi
12. Шағымдану тәртiбi
Тармақ 48
48. Конкурсқа қатысушылар мен үмiткерлер, конкурстық комиссияның шешiмiмен келiспейтiндiгiн бiлдiрiп Агенттiк Төрайымына немесе сот тәртiбiнде шағымдануға құқылы.
Тармақ 49
49. Агенттiк Төрайымы конкурстық комиссия туралы түскен шағымды қарайды, осы Қағиданы бұзушылық болған жағдайда конкурстық комиссияға қабылданған шешiмдi толық немесе жарым-жартылай өзгертудi ұсынуы мүмкiн.
Тармақ 50
50. Агенттiк Төрайымының ұсынысы конкурстық комиссияда оның сол бұрынғы құрамындағы отырысында қаралады. Осы отырысында конкурстық комиссия бұрынғы шешiмiн өзгертiп, жаңа шешiм шығарады немесе оны өзгерiссiз қалдырады. Конкурстық комиссия қабылданған шешiм туралы Агенттiк Төрайымына және шағым берген конкурсқа қатысушыға немесе үмiткерге шешiм қабылданған күннен бастап 5 күндiк мерзiм iшiнде хабарлайды.
Тармақ 51
51. Конкурстық комиссия бұрын қабылдаған шешiмiн өзгерткен жағдайда, сол үмiткерлердiң қатысуымен комиссия отырысының процедурасы қайта өткiзiледi.
Тармақ 52
52. Конкурсқа қатысушылар мен үмiткерлер өздерiне қатысты бөлiгiне, сондай-ақ Агенттiк Төрайымы конкурс құжаттарымен, тестiлеу және әңгiмелесудiң нәтижелерiмен танысуға құқылы.