Жалағаш кентіндегі Елтай көшесін қайта атау туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.10.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жалағаш кентіндегі Елтай көшесін қайта атау туралы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына сәйкес кент халқының пікірін және Жалағаш ауданы әкімі жанындағы консультациялық - кеңесші орган комиссия мәжілісінің 2010 жылғы 11 қазандағы N 5 хаттамасын ескере отырып ШЕШЕМІН:
Тармақ 1
1. Жалағаш кентіндегі Елтай көшесі К.Рахимовтың атындағы көше болып қайта аталсын.
Тармақ 2
2. Кент әкімінің орынбасары Р.Ержанов осы шешімді іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.