О предоставлении зерновой ссуды риса на семенные цели сельскохозяйственным товаропроизводителям Кызылординской области Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.03.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiне тұқымдық мақсатқа күрiштің астықтық несиесiн беру туралы Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiне көктемгi дала жұмыстарын жүргiзуге көмек көрсету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. "Азық-түлiк келiсiм-шарт корпорациясы" жабық акционерлiк қоғамы астықтың мемлекеттiк экспорттық ресурстарынан Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiне 2000 жылдың егiс науқанының мұқтаждарына екiншi деңгейдегi банктердiң кепiлдiгiмен 6000 (алты мың) тонна күрiш түрiнде Қызылорда облысының элеваторларында сақтаулы тұқымдық несие берсiн.
Тармақ 2
2. Қызылорда облысының әкiмi ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiнiң "Азық-түлiк келiсiм-шарт корпорациясы" жабық акционерлiк қоғамына астықтық несиенi 2000 жылдың I желтоқсанына дейiн мерзiмде, 1,08 қайтару коэффициентiмен уақытылы қайтаруын қамтамасыз етсiн.
Тармақ 3
3. күшін жойды - ҚР Үкіметінің 2001.03.28. N 394 қаулысымен.
Тармақ 4
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастан күшiне енедi.