Біртілек ауылдық округі Игілік ауылындағы атауы жоқ көшеге атау беру туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.10.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Біртілек ауылдық округі Игілік ауылындағы атауы жоқ көшеге атау беру туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына және «Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14-бабына сәйкес, Игілік ауыл тұрғындарының пікірін ескере отырып ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Біртілек ауылдық округі Игілік ауылындағы атауы жоқ көшеге «Мырзахметов Рүстем» атауы берілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау ауылдық округ әкімінің орынбасары А.Қалдыбаевқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.