Саймасай селолық округінің Саймасай ауылындағы көшелерінің атауларын өзгерту туралы Қолданыста
Басқа 0
Саймасай селолық округінің Саймасай ауылындағы көшелерінің атауларын өзгерту туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4-тармағына сәйкес және Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің келісімдері мен тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып Саймасай селолық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Саймасай селолық округінің Саймасай ауылындағы көшелердің атаулары төмендегідей өзгертілсін:
Тармақша 1
1) Саймасай ауылының "Новая" көшесі "Абдул Гусейнов" атындағы көшесі деп өзгертілсін;
Тармақша 2
2) Саймасай ауылының "Клубная" көшесі "Ахмет Байтұрсынов" атындағы көшесі деп өзгертілсін;
Тармақша 3
3) "Советская" көшесі "Алмабек Аманжолов" атындағы көшесі деп өзгертілсін;
Тармақша 4
4) "Центральная" көшесі "Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев" атындағы көшесі деп өзгертілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешiмнiң орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.