О народных дружинах города Алматы Күшін жойған
Басқа 0
Алматы қаласының халық жасақшылары туралы
📌 Ескерту.
Күші жойылды - Алматы қаласы Әкімінің 29.06.2007 № 5 шешімімен.
Тұрғындарды қоғамдық тәртiптi сақтауға қатыстыру және тәртiп жағдайын жақсарту мақсатында Алматы қаласының Әкiмi
ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Алматы қаласы Әкiмiнiң және аудан әкiмдерi жанынан халық жасақшыларына басшылық ететiн қалалық және аудандық штабтар құрылсын және қалалық штабтың штаттық кестесi бекiтiлсiн (N 1 қосымша).
Тармақ 2
2. Қалалық штаб жетекшiсiнiң және оның орынбасарларының еңбек ақысы Алматы қаласы Әкiмiнiң қоры қаражаты есебiнен жүзеге асырылсын.
Тармақ 3
3. Алматы қаласындағы халық жасақтары туралы уақытша Ережесi мен халық жасағы мүшесiнiң куәлiгi бекiтiлсiн (N 2, 3 қосымшалар).
Тармақ 4
4. Аудан әкiмдерiне тапсырылсын:
Тармақша 1
1) кәсiпорындар, ұйымдар, мекемелердiң еңбек ұжымдары, ПИК-тер өкiлдерiнiң, ардагерлер және зейнеткерлердiң санатынан аудандық халық жасағы құрылсын;
Тармақша 2
2) Алматы қалалық Коммуналдық меншiктi басқару департаментiмен бiрлесе отырып, халық жасақтарының аудандық штабтары үшiн үй-жайлар қарастырылсын;
Тармақша 3
3) халық жасақтарының штабтары үшiн жиһаз, оргтехника және кеңселiк жабдықтар бөлiнсiн;
Тармақша 4
4) қызметтiк телефондармен қамтамасыз етiлсiн;
Тармақша 5
5) халық жасақшыларының аудандық штабтарының үй-жайларын жалдау ақысы және коммуналдық қызметтердi және қызметтiк телефондарды пайдаланғандығы үшiн ақы төлеу мәселелерi шешiлсiн.
Тармақ 5
5. Алматы қаласы Әкiмi аппараты қаржы-шаруашылық бөлiмiнiң меңгерушiсi (Ж.Ы. Көпжанов):
Тармақша 1
1) халық жасақшыларының қалалық штабы үшiн қажеттi жиһазы және қызмет телефоны бар бөлмелер бөлсiн;
Тармақша 2
2) қалалық штабтың бөлмелерiн жалдау ақысын және коммуналдық
қызметтер мен қызметтiк телефонды пайдаланғаны үшiн ақы төлеу мәселесiн
шешсiн.
Тармақ 6
6. Алматы қалалық IIББ (Қ.Н. Қасымов) халық жасақшыларының қалалық
және аудандық штабтарына практикалық, әдiстемелiк және құқықтық көмек
көрсетсiн.
Тармақ 7
7. Алматы қаласы Әкiмiнiң 1992 жылғы 12 маусымдағы "Алматы
қаласындағы халық жасақшыларының қызметiн жақсарту жөнiндегi шаралар
туралы" N 218 шешiмiнiң күшi жойылды деп танылсын.
Тармақ 8
8. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау Алматы қаласы Әкiмiнiң орынбасары
А.Қ. Бижановқа және мемлекеттiк-құқықтық жұмыстар бөлiмiне жүктелсiн.
Басқа 16
Алматы қаласы Әкiмiнiң
2000 жылғы 29 ақпандағы
N 206 шешiмiне
N 1 қосымша
Қалалық штабтың штат кестесi
Тармақ 1
1. Штаб жетекшiсi - айлықақысы 7 мың теңге
Тармақ 2
2. Қалалық штаб жетекшiсiнiң
орынбасары - айлықақысы 6 мың теңге
Басқа 19
Алматы қаласы Әкiмiнiң
2000 жылғы 29 ақпандағы
N 206 шешiмiне
N 2 қосымша
АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚ ЖАСАҚШЫЛАРЫ ТУРАЛЫ
УАҚЫТША ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Тармақ 1.1
1.1. Ерiктi халық жасақшылары кәсiпорындардың, мекемелердiң ұйымдардың, барлық меншiк түрiндегi оқу мекемелерiнiң әкiмшiлiгi еңбек ұжымдарымен, сондай-ақ қоғамдық тәртiптi қорғаудағы және құқық бұзушылықтың алдын алудағы аудандық iшкi iстер органдарына көмек көрсету үшiн азаматтар тұратын жергiлiктi жерлерде құрылады.
Тармақ 1.2
1.2. Халық жасақшыларының мүшелiгiне Қазақстан Республикасының 18 жасқа толған азаматтары, кәсiпорындардың мекемелердiң, ұйымдардың, оқу орындары әкiмшiлiгiнiң азаматтардың жеке өтiнiшi негiзiнде еңбек ұжымдарының ұсынымдары бойынша қабылданады.
Тармақ 1.3
1.3. Азаматтардың жасақшы мүшелiгiне қабылдау туралы өтiнiштерi аудандық халық жасақшылары штабы бастығының атына берiледi. Жасақшы мүшелiгiне кандидаттар Алматы қалалық прокуратурасының жанындағы Құқықтық статистика және ақпарат орталығында арнайы тексеруден өтедi.
Тармақ 1.4
1.4. Егер де кандидат өзiнiң моральдық жеке қасиетiмен аталған талаптарға сай келсе, онда оның өтiнiшi тиiстi аудандық штаб бастығының ұсынымымен кәсiпорынның басшысына оны қабылдау туралы бұйрығын ресiмдеу үшiн берiледi.
Тармақ 1.5
1.5. Халық жасақшыларына жалпы басшылықты аудандық штаб жүзеге асырады.
Тармақ 1.6
1.6. Меншiк түрiне қарамастан барлық заңды тұлғалар, қоғамдық ұйымдар, аудан тұрғындары құқық қорғауды нығайту мәселесiн терең түсiне отырып, қоғамдық тәртiптi қорғау жөнiндегi халық жасақшыларына жан-жақты көмек көрсетулерi қажет.
Тармақ 1.7
1.7. Халық жасақшыларының заңды өкiмдерi мен талаптарына қоғамдық тәртiптi қорғау кезiндегi өз мiндеттерiн орындау кезiнде заңды бұзған жағдайда, онда Қазақ ССР-нiң "Әкiмшiлiк құқық қорғау туралы" Кодексiне сай жауапкершiлiкте болады.
Тарау 2. 2. НЕГIЗГI МIНДЕТТЕРI МЕН ҚЫЗМЕТI
2. НЕГIЗГI МIНДЕТТЕРI МЕН ҚЫЗМЕТI
Халық жасақшыларының негiзгi мiндетi қоғамдық тәртiптi қорғау және құқық бұзушылықтың алдын алудағы iшкi iстер органдарына жәрдемдесу болып табылады, ол мына жолмен жүзеге асырылады:
- iшкi iстер органдары қызметкерлерiмен бiрлесiп, көшелерде, алаңдарда, саябақтарда, тұрғын үй массивтерiнде және қоғамдық орындарда, сондай-ақ бұқаралық шараларды өткiзу кезiнде күзету болып табылады;
- iшкi iстер органдары қызметкерлерiмен бiрлесiп, iшiмдiкке, нашақорлыққа, жасөспiрiмдер арасында құқық бұзушылықты және панасыз жүргендерге қарсы жұмысқа қатысу болып табылады.
Тарау 3. 3. ЖАСАҚШЫЛАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЖҰМЫСЫНЫҢ НЕГIЗДЕРI
3. ЖАСАҚШЫЛАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЖҰМЫСЫНЫҢ НЕГIЗДЕРI
Тармақ 3.1
3.1. Алматы қаласының халық жасақшылары қалалық штабтан, аудандық штабтан және кәсiпорындардың, ұйымдардың, мекемелердiң, оқу орындарының және ПИК бөлiмшелерiнiң жасақшыларынан құрылады.
Тармақ 3.2
3.2. Қалалық халық жасақшыларының штабын жетекшi басқарады, оны Алматы қаласының Әкiмi қызметке тағайындап және оны босатады. Ол өз қызметiнде Алматы қаласының Әкiмiне есеп бередi.
Тармақ 3.3
3.3. Халық жасақшыларының аудандық штабын оның жетекшiсi басқарады. Ол аудан әкiмiнiң келiсiмi бойынша қалалық штабтың жетекшiсi қызметке тағайындайды және босатады. Ол өз қызметiнде қалалық штабтың жетекшiсiне және аудан әкiмiне есеп бередi.
Тармақ 3.4
3.4. Кәсiпорындардың, ұйымдардың, мекемелердiң, оқу орындарының, ПИК-тiң халық жасақшылары бөлiмшелерiн аудандық штаб жетекшiсi қызметке тағайындайтын және босататын командир басшылық жасайды. Ол өз қызметiнде аудандық штаб жетекшiсiне есеп бередi.
Тармақ 3.5
3.5. Халық жасақшыларының қалалық штабының жетекшiсi:
- халық жасақшыларының аудандық штабына жалпы басшылық жасайды;
- iшкi iстер органдарымен халық жасақшыларының қызметi мәселесi жөнiнде қоғамдық тәртiптi қорғау және құқық қорғаудың алдын алу жөнiнде өзара бiрлесiп жұмыс атқаруды қамтамасыз етедi;
- халық жасақшыларының аудандық штабының қызметiне талдау жасайды, олардың кәсiпорындармен, ұйымдармен, мекемелермен, оқу орындармен және ПИК халық жасақшылары бөлiмшелерiмен басшылық жасауда жұмыс тиiмдiлiгiн арттырады;
- аудан әкiмiмен келiсiп, халық жасақшылары аудандық штабының жетекшiлерiн қызметке тағайындап, босатады;
- Алматы қаласының Әкiмiне, аудан әкiмдерiне, қалалық iшкi iстер басқармасы мен аудандық iшкi iстер басқармасының басшыларына қоғамдық тәртiптi сақтау және тәртiп бұзушылықтың алдын алуда жұмысты жақсарту жөнiнде ұсыныс енгiзедi;
- штабтың мәжiлiсiн және кеңесiн өткiзедi;
- халық жасақшыларының аудандық штабының жетекшiлерiне көтермелеу және айып тағуды қарастырады.
Тармақ 3.6
3.6. Халық жасақшыларының аудандық штабының жетекшiсi:
- кәсiпорындардың, ұйымдардың, мекемелердiң, оқу орындардың және ПИК халық жасақшыларының бөлiмшелерiне басшылық жасайды;
- кәсiпорындардың, ұйымдардың, мекемелердiң, оқу орындардың және ПИК халық жасақшыларының қоғамдық тәртiптi сақтау және тәртiп бұзушылықтың алдын алу мәселесi жөнiнде iшкi iстер органдарымен бiрлесiп iс-қимыл жасайды;
- халық жасақшыларының жұмысына талдама жасап, олардың қызметiнiң тиiмдiлiгiн арттыруға шара қабылдайды;
- кәсiпорындардың, ұйымдардың, мекемелердiң, оқу орындардың және ПИК халық жасақшылары бөлiмшелерiнiң командирлерiн қызметке тағайындап, одан босатады;
- аудандық штабтың мәжiлiсi мен кеңесiн өткiзедi;
- халық жасақшыларының командирлерiне көтермелеу және айып тағуды қарастырады.
Тармақ 3.7
3.7. Кәсiпорындардың, ұйымдардың, мекемелердiң, оқу орындардың және ПИК халық жасақшылары бөлiмшелерiнiң командирi:
- халық жасақшыларына басшылық етедi;
- халық жасақшыларының мүшелерiн оқытады, оларды таңдайды;
- халық жасақшылары мүшелерiнiң кезекшiлiк кестесiн құрайды;
- халық жасақшыларын тағайындайды және босату материалдарын әзiрлейдi;
- халық жасақшылары бөлiмшелерi мүшелерiнiң қоғамдық тәртiптi қорғау
және тәртiп бұзушылықтың алдын алудағы атқарған мiндеттерiн бақылауға
алады;
- халық жасақшылары бөлiмшелерiнiң қызметiн жетiлдiру жөнiндегi
шараларды әзiрлейдi;
- халық жасақшылар аудандық штабының мәжiлiстерiне қатысады.
Тармақ 3.8
3.8. Халық жасақшылары мүшелерiнiң кезекшiлiкке кiрер алдында олардың
орындауға жататын мақсаттары мен мiндеттерiне сай командир аудандағы жедел
жағдай туралы нұсқаулық өткiзедi.
Тармақ 3.9
3.9. Қалалық штаб пен аудандық штаб айына бiр рет халық
жасақшыларының қызметiне талдама жасау үшiн олардың жұмыс тиiмдiлiгiн
арттыруға шара қабылдау үшiн және басқа мәселелердi шешу үшiн мәжiлiс
өткiзедi.
Тарау 4. 4. ЖАСАҚШЫ МҮШЕЛЕРIНIҢ МIНДЕТТЕРI МЕН ҚҰҚЫҒЫ
4. ЖАСАҚШЫ МҮШЕЛЕРIНIҢ МIНДЕТТЕРI МЕН ҚҰҚЫҒЫ
Тармақ 4.1
4.1. Жасақшы мүшесiнiң мiндетi:
- қоғамдық тәртiптi қорғауда және құқық бұзушылықтың алдын алуда
белсене қатысу;
- құқық қорғау органдарына көмек көрсету;
- аудандық штаб, жасақшы басшылығының талаптары мен тапсырмаларын
жауапкершiлiкпен орындау.
Тармақ 4.2
4.2. Жасақшы мүшелерiнiң құқығы:
- азаматтардан қоғамдық тәртiптi сақтауды талап ету;
- қажет болған жағдайда iшкi iстер органы қызметкерiнiң қатысуымен
құқық бұзушыларды аудандық iшкi iстер бөлiмiне немесе учаскелiк тiректерге
тапсыру.
Тарау 5. 5. ЖАСАҚШЫЛАРДЫ МАТЕРИАЛДЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ
ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
5. ЖАСАҚШЫЛАРДЫ МАТЕРИАЛДЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ
ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
Жасақшыларды материалдық-техникалық қамтамасыз ету, олардың жұмысы
үшiн қажеттi жайларды бөлу, олардың қызметiндегi басқа мәселелердi шешу,
кәсiпорынның, мекеменiң, ұйымның, оқу орынның қаражаты есебiнен жүзеге
асырылады.
Тарау 6. 6. ЗАҢДЫЛЫҚТЫ ОРЫНДАУДЫ ҚАДАҒАЛАУ
6. ЗАҢДЫЛЫҚТЫ ОРЫНДАУДЫ ҚАДАҒАЛАУ
Халық жасақшыларының қызметiндегi заңдылықты толық орындауға
бақылауды прокуратура органдары Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң
күшi бар "Қазақстан Республикасының прокуратурасы туралы" Жарлығына сәйкес
жүзеге асырады.
Басқа 44. КУӘЛIК ҮЛГIСI
Алматы қаласы Әкiмiнiң
2000 жылғы 29 ақпандағы
N 206 шешiмiне
N 3 қосымша
КУӘЛIК ҮЛГIСI
Мұқаба бетi
!---------------------------------------------------------------------!
! Алматы қаласының халық жасағы ! !
! ! !
! Қазақстан Республикасының ! !
! елтаңбасы ! !
! ! !
! Куәлiк ! !
!--------------------------------!------------------------------------!
Iшкi мазмұны
!---------------------------------------------------------------------!
!___________ әкiмiнiң аппараты ! ________ ауданы әкiмiнiң аппараты !
№!N ________ куәлiк ! N ________ куәлiк !
! Т. _______________ ! Т. _______________ !
! Е. _______________ ! Е. _______________ !
!сурет Ә.Е. _____________ ! Ә.Е. _____________ !
! ! !
! Штаб жетекшiсi _____________ ! ___________________________ !
! ___________________________ ! халық жасағының мүшесi болып !
! ___________________________ ! табылады. !
! ! Берiлген күнi: _________________ !
! ! ________________ жарамды. !
!--------------------------------!------------------------------------!