Қолданыстағы ред. 19.10.2010

Қақпақ ауыл округіне қарасты Қақпақ ауылының көшелеріне атау беру туралы от 19.10.2010 г. № 26 (Қақпақ ауыл округіне қарасты Қақпақ ауылының көшелеріне атау беру туралы)

0

Қақпақ ауыл округіне қарасты Қақпақ ауылының көшелеріне атау беру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23-қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8-желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармақшасына сәйкес және ауыл тұрғындарының пікірін ескере отырып, ШЕШЕМІН:

1

1. Қақпақ ауыл округіне қарасты:
Қақпақ ауылындағы атауы жоқ көшелерге: Қаракемер, Көктөбе, Дінмұхамед Қонаев, Таң, Келдібек ата, Бауыржан Момышұлы, Жамбыл Жабаев, Жастар, Төлеби, Ускенбай Омаров, Заңғар, Қазыбек би, Қақпақ, Ынтымақ, Бірлік, Абай Құнанбаев, Болашақ, Достық, Мектеп, Бастау атаулары берілсін.

2

2. Осы шешімнің орындалуын бақылау ауыл әкімінің орынбасары Н.Әшірбаевқа жүктелсін.

3

3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.