Об утверждении Положения о Департаменте по обеспечению деятельности судов при Верховном Суде Республики Казахстан (аппарате Верховного Суда Республики Казахстан) Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.01.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) туралы ережені бекіту туралы Сот әкімшілігінің жаңа жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасында құқық қорғау қызметі мен сот жүйесінің тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы» 2010 жылғы 17 тамыздағы № 1039 Жарлығын іске асыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) туралы ереже бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) туралы ЕРЕЖЕ
Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 3 қарашадағы № 1093 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) туралы ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) (бұдан әрі - Департамент) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, облыстардағы, астанадағы және республикалық маңызы бар қалалардағы аумақтық бөлімшелері бар (соттар әкімшілері бар) жергілікті және басқа да соттардың (бұдан әрі - соттар әкімшілері) қызметін ұйымдық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Департамент өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, осы Ережеге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының өкімдеріне сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Департамент мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
Тармақ 4
4. Департамент азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Тармақ 5
5. Департаментке заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілсе, оның мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
Тармақ 6
6. Департамент өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Департамент басшысының бұйрықтарымен және өкімдерімен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 7
7. Департаменттің құрылымы мен штат кестесін Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен штат саны лимитінің шегінде Департамент басшысының ұсынымы бойынша Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы бекітеді.
Тармақ 8
8. Заңды мекенжайы: 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл өзенінің сол жақ жағалауы, Дінмұхамед Қонаев көшесі, 39.
Тармақ 9
9. Департаменттің толық атауы - "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты)" мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 10
10. Осы Ереже Департаменттің құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 11
11. Департаменттің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Департаментке өзінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау жөнінде кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуіне тыйым салынады.
Тарау 2. 2. Департаменттің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
2. Департаменттің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
Тармақ 13
13. Департаменттің миссиясы сот төрелігін жүзеге асыруды қамтамасыз етуге жағдай жасау болып табылады.
Тармақ 14
14. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, жергілікті және басқа да соттардың қызметін ұйымдық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету негізгі міндеті болып табылады.
Тармақ 15
15. Функциялары:
Тармақша 1
1) соттардың қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) судьялардың сот төрелігін жүзеге асыру жөніндегі қызметін ұйымдастыруды қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) алып тасталды - ҚР Президентінің 11.01.2015 № 165 Жарлығымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 3-1
3-1) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Халықаралық кеңестің қызметін қамтамасыз ету;
Тармақша 4
4) сот приставтарының қызметіне ұйымдық және әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асыру;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне сот төрелігін жүзеге асырудың, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, жергілікті және басқа да соттардың қызметін ұйымдық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етудің жай-күйі туралы ақпарат дайындау;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты органдарының жұмысын ұйымдастыруды қамтамасыз ету;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы және кеңейтілген жалпы отырыстары қабылдаған шешімдердің орындалуын қамтамасыз ету;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасына жергілікті және басқа да соттарды құру, қайта ұйымдастыру не тарату туралы ұсыныстар енгізу;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен штат саны лимиті шегінде әрбір жергілікті және басқа да соттың судьяларының санын белгілеу туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасына ұсынымдар енгізу;
Тармақша 9-1
9-1) судьялыққа кандидаттардың тағылымдамадан өтуі үшін бос орындарды бөлу жөніндегі ұсыныстарды Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасына енгізу;
Тармақша 10
10) судьялар мен сот қызметкерлері жүктемелерінің нормативтерін әзірлеу;
Тармақша 11
11) соттардың, Департаменттің және соттар әкімшілерінің ғимараттарын, үй-жайларын салуды, жөндеуді және техникалық жабдықтауды ұйымдастыру;
Тармақша 12
12) соттар әкімшілерінің, Департаментке ведомстволық бағынысты ұйымдардың бюджет қаражатын жұмсауына бақылауды жүзеге асыру, олардың қаржы-шаруашылық қызметіне бақылау жасау;
Тармақша 12-1
12-1) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясының бюджеттік шығыстарын қарау, келісу және бекіту;
Тармақша 12-2
12-2) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясының тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) бағаларды келісу;
Тармақша 13
13) құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органға құқықтық статистикалық құжатталған ақпарат ұсыну;
Тармақша 14
14) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ведомстволық құқықтық статистикалық бақылаулар жүргізу және қызметтік іс-қимылды қамтамасыз етуге арналған ведомстволық есепке алуды жүргізу;
Тармақша 15
15) судьялар мен сот қызметкерлерінің жеке есебін жүргізу;
Тармақша 16
16) судьяларды, оның ішінде орнынан түскен судьяларды заңнамаға сәйкес материалдық және әлеуметтік қамтамасыз етуді ұйымдастыру;
Тармақша 17
17) нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге және оларға құқықтық сараптама жасауға өз құзыреті шегінде қатысу;
Тармақша 18
18) сот жүйесін ақпараттық-құқықтық қамтамасыз ету, заңнаманы жүйелеу және кодификациялау;
Тармақша 19
19) іс қағаздарын жүргізуді және соттар мұрағаттарының жұмысын ұйымдастыру;
Тармақша 20
20) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының басқа да мемлекеттік органдармен, басқа мемлекеттердің соттарымен, халықаралық және өзге де ұйымдармен өзара байланысын ұйымдастыруды қамтамасыз ету;
Тармақша 21
21) сот органдарында мемлекеттік құпиялар мен ақпараттық қауіпсіздікті қорғау жөніндегі жұмысты қамтамасыз ету;
Тармақша 22
22) сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес апостиль қою;
Тармақша 23
23) соттардың шешімдері мен өзге де ресми құжаттарын орындауға байланысты Қазақстан Республикасы соттарының, шетелдік мемлекеттер соттарының тапсырмалары, жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар шегінде құқықтық көмек көрсетуді ұйымдастыру;
Тармақша 24
24) сот оқуы, судьялардың, сот қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және олардың тағылымдамадан өтуі жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
Тармақша 24-1
24-1) судьялыққа кандидаттардың ақысы төленетін тағылымдамадан өтуін ұйымдастыруға мониторинг жүргізу;
Тармақша 25
25) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
Тармақша 26
26) өзіне Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
Тармақ 16
16. Өз құзыретінің шегінде құқықтары мен міндеттері:
Тармақша 1
1) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан және лауазымды адамдардан қажетті құжаттар мен материалдарды белгіленген тәртіппен сұрату;
Тармақша 2
2) соттар әкімшілерінде, ведомстволық бағынысты ұйымдарда тексеру жүргізу;
Тармақша 3
3) заң жобалау, сараптама, зерттеу жұмыстарын орындау және консультациялар беру үшін белгіленген тәртіппен ғылыми ұйымдарды, мемлекеттік және өзге де органдардың, мекемелер мен ұйымдардың қызметкерлерін, мамандар мен сарапшыларды тарту;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасымен келісім бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне судьялар мен сот қызметкерлерінің еңбегін қорғау, оларды материалдық және әлеуметтік қамтамасыз ету мәселелері бойынша ұсыныстар енгізу;
Тармақша 5
5) мемлекеттік органдардың иелігіндегі ақпараттық дерекқорды заңнамада белгіленген тәртіппен пайдалану;
Тармақша 6
6) Департаментке жүктелген міндеттер мен функциялардың іске асырылуын қамтамасыз ету;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау;
Тармақша 8
8) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасау бойынша жұмысты қамтамасыз ету;
Тармақша 9
9) ұйымдар мен азаматтардың өтініштерін қабылдау және қарау;
Тармақша 10
10) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.
Тарау 3. 3. Департаменттің қызметін ұйымдастыру
3. Департаменттің қызметін ұйымдастыру
Тармақ 17
17. Департаментке басшылықты Басшы жүзеге асырады, ол Департаментке жүктелген міндеттердің орындалуы және оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапкершілік алады.
Тармақ 18
18. Департамент басшысын Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысымен және Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесімен келісім бойынша Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.
Тармақ 19
19. Департамент басшысының Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысымен келісім бойынша Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын орынбасарлары болады.
Тармақ 20
20. Департамент басшысының өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) заңнамада белгіленген тәртіппен Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мен қызметкерлерін, ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшылары мен олардың орынбасарларын, соттар әкімшілерінің басшылары мен олардың орынбасарларын лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
Тармақша 2
2) Департаментте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданған шаралар үшін дербес жауапкершілік алады;
Тармақша 3
3) Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мен қызметкерлерінің, соттар әкімшілерінің басшылары мен олардың орынбасарларының лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасына өзінің орынбасарларына қатысты көтермелеу, оларға материалдық көмек көрсету туралы ұсыныстар енгізеді, сондай-ақ заңнамада белгіленген тәртіппен оларды тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселесін көтереді;
Тармақша 5
5) заңнамада белгіленген тәртіппен Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мен өзге қызметкерлерін, соттар әкімшілерінің басшылары мен олардың орынбасарларын көтермелеу немесе оларға тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;
Тармақша 6
6) заңнамада белгіленген тәртіппен Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мен өзге қызметкерлеріне материалдық көмек көрсету мәселелерін шешеді;
Тармақша 7
7) мемлекеттік органдармен, жеке және заңды тұлғалармен өзара қарым-қатынаста Департамент атынан өкілдік етеді;
Тармақша 8
8) Департаменттің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді және соттар әкімшілері туралы үлгілік ережені бекітеді;
Тармақша 8-1
8-1) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясының штат кестесін келіседі;
Тармақша 8-2
8-2) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясының тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсету және оның тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидаларын бекітеді;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасын, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысын Департаменттің жұмысы туралы хабардар етеді;
Тармақша 10
10) соттар мен Департаментті қаржыландыру мәселесі жөнінде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасымен келісілген ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді;
Тармақша 10-1
10-1) өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді қабылдайды;
Тармақша 11
11) заңнамада және осы Ережеде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. Департаменттің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.
Тармақ 21
21. Департамент басшысы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасымен келісім бойынша өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.
Тарау 4. 4. Департаменттің мүлкі
4. Департаменттің мүлкі
Тармақ 22
22. Департаменттің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады. Департаменттің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметінің нәтижесінде сатып алынған мүлік және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 23
23. Департаментке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.
Тармақ 24
24. Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, Департамент өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзге де тәсілмен иелік етуге құқылы емес.
Тарау 5. 5. Департаментті қайта ұйымдастыру және тарату
5. Департаментті қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 25. Департаменттің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі
25. Департаментті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Департаменттің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі
Тармақ 1
1. Алып тасталды - ҚР Президентінің 11.01.2015 № 165 Жарлығымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
Тармақ 2. Департаменттің қарамағындағы аумақтық органдардың тізбесі
2. "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты әкімшілік ғимаратының дирекциясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Департаменттің қарамағындағы аумақтық органдардың тізбесі
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) Ақмола облысы бойынша Соттар әкімшісі» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 2
2. «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) Ақтөбе облысы бойынша Соттар әкімшісі» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 3
3. «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) Алматы облысы бойынша Соттар әкімшісі» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 4
4. «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) Атырау облысы бойынша Соттар әкімшісі» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 5
5. «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) Шығыс Қазақстан облысы бойынша Соттар әкімшісі» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 6
6. «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) Жамбыл облысы бойынша Соттар әкімшісі» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 7
7. «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) Батыс Қазақстан облысы бойынша Соттар әкімшісі» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 8
8. «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) Қарағанды облысы бойынша Соттар әкімшісі» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 9
9. «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) Қостанай облысы бойынша Соттар әкімшісі» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 10
10. «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) Қызылорда облысы бойынша Соттар әкімшісі» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 11
11. «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) Маңғыстау облысы бойынша Соттар әкімшісі» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 12
12. «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) Павлодар облысы бойынша Соттар әкімшісі» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 13
13. «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Соттар әкімшісі» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 14
14. «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Соттар әкімшісі» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 15
15. «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Соттар әкімшісі» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 16
16. «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) Алматы қаласы бойынша Соттар әкімшісі» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 17
17. «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) Әскери соттың әкімшісі» республикалық мемлекеттік мекемесі.