Об организации и обеспечении приписки граждан Республики Казахстан мужского пола, которым в год приписки исполняется семнадцать лет к призывному участку Узункольского района Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасының тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды Ұзынкөл ауданының шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33 бабының 1 тармағының 13) тармақшасына, "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi Заңының 17 бабының 2, 3 тармақтарына сәйкес, ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының тiркелетiн жылы он жетi жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды "Ұзынкөл ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттiк мекемесiнiң шақыру учаскесіне тiркеуді 2011 жылдың қаңтар-наурызында ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
Тармақ 2
2. "Ұзынкөл аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттiк коммуналдық қазыналық кәсiпорнына (келiсiм бойынша) "Ұзынкөл ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттiк мекемесiмен бірге (келiсiм бойынша) тіркеу жөніндегі іс-шаралар жүргізу ұсынылсын.
Тармақ 3
3. "Ұзынкөл ауданының қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiне "Ұзынкөл ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесімен бірге (келiсiм бойынша) ұсынылсын:
Тармақша 1
1) әскери оқу орындарына үміткерлерді іріктеуге нарядты оқу орындарына жеткізсін;
Тармақша 2
2) жұмысты бұқаралық ақпараттық құрал арқылы ұйымдастырсын, әскери оқу орындарына үміткерлерді іріктеу бойынша жұмыстың басталуы туралы хабарлану берілсін;
Тармақша 3
3) әскери оқу орындарына түсуге әскери кәсіптілік бағытында болу мақсатымен тіркеу уақытында әрбір әскер жасына дейінгімен жеке әңгімелесу жүргізілсін.
Тармақ 4
4. Ұзынкөл ауданының селолық округтерінің, Ұзынкөл, Троебрат, Ряжский селоларының әкімдері тiркеуге жататын, тіркелетін жылы он жетi жасқа толатын еркек жынысты азаматтардың шақыру участкесіне дер кезінде келуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. "Ұзынкөл ауданының қаржы бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiнің бастығына 122005000 "Жалпыға бiрдей әскери мiндеттi атқару шеңберiндегi iс-шаралар" бағдарламасымен көзделген қаражаттар шегiнде Қазақстан Республикасының тiркелетiн жылы он жетi жасқа толатын еркек жынысты азаматтарын Ұзынкөл ауданының шақыру учаскесiне тiркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз етуге байланысты iс-шаралардың қаржыландырылуын жүргізу ұсынылсын.
Тармақ 6
6. "Қазақстан Республикасы ішкі істер Министірлігі Қостанай облысының ішкі істер Департаменті Ұзынкөл аудандық ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығына (келiсiм бойынша) мыналар ұсынылсын:
Тармақша 1
1) тiркелуден бас тартып жүрген тұлғаларды ұстауды және іздестіру жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру;
Тармақша 2
2) тіркеу жүргізу кезеңінде шақыру учаскесiнде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етсiн.
Тармақ 7
7. Осы шешімнің орындалуына бақылау Ұзынқөл ауданы әкімінің орынбасары Д.М.Айшвақоваға жүктелсін.
Тармақ 8
8. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
"Қазақстан Республикасы
ішкі істер Министірлігі
Қостанай облысының ішкі
істер Департаменті Ұзынкөл
ауданының ішкі істер бөлімі"
мемлекеттік мекемесі, бастық
_________________ А. Елисеев
2010 жылғы 8 қарашада
"Ұзынкөл ауданының қорғаныс
iстерi жөнiндегi бөлiмi"
мемлекеттiк мекемесi, бастық
_______________ О. Оразалиев
2010 жылғы 8 қарашада
"Ұзынкөл аудандық орталық
ауруханасы" мемлекеттiк
коммуналдық қазыналық
кәсiпорны, бас дәрiгер
________________ Қ. Ержанов
2010 жылғы 8 қарашада