О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам налогообложения Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.11.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Бап 1
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Тармақ 1
1. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-І, 22-ІІ, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат): 1) мазмұны мынадай мазмұндағы үш жүз сегізінші абзацпен толықтырылсын: «244-1-бап. Халықаралық ұшуды, халықаралық әуемен тасымалдауды орындайтын шетелдік авиакомпаниялардың әуе кемелеріне май құю кезінде әуежайлар жүзеге асыратын жанар-жағармай материалдарын өткізуге салық салу»; 2) 12-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 19-1) және 41-1) тармақшалармен толықтырылсын: «19-1) инвестициялық алтын - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен аккредиттелген, сәйкестікті растау жөніндегі орган немесе сынақ зертханасы берген, мұндай алтынның ұлттық немесе халықаралық сапа стандартына сәйкестігін растау жөніндегі сертификаты немесе өзге де құжаты бар, мынадай талаптарға сәйкес келетін алтын: алтын монеталар үшін: мұндай алтын монеталардың нумизматикалық құндылығы жоқ; алтын монеталардың тазалығы жалпы массасының 1000 үлесіне 900 мыңдық үлеске тең немесе одан асатын (бұл 900-сынамаға, 900-промиллеге, 90,0 пайызға немесе 21,6 каратқа сәйкес). Бұл ретте, алтын монета мынадай талаптардың біріне сәйкес болған кезде оның нумизматикалық құндылығы бар деп танылады: 1800 жылға дейін соғылған; «пруф» (proof) сапасында бетін айнадай етіп алуды қамтамасыз ететін технология бойынша соғылған; шығарылымының таралуы 1000 данадан аспайды; оның нарықтық бағасы монетадағы алтын құнының 80 пайызынан асады. Алтын монетаның нарықтық бағасы алтын монетаны өткізу күніне Лондон қымбат бағалы металдар нарығы қауымдастығы белгілеген алтынның таңертеңгі фиксингін (бағаның бағамдалуы) көрсетілген күнге белгіленген валюта айырбастаудың нарықтық бағамына көбейту жолымен айқындалады; қалған алтын үшін: мұндай алтын құйма және (немесе) пластина нысанында жасалған; мұндай алтынның тазалығы лигатуралық массаның 1000 үлесіне 995 мыңдық үлеске тең немесе одан асатын (бұл 995-сынамаға, 995-промиллеге, 99,5 пайызға немесе 23,88 каратқа сәйкес);»; «41-1) уәкілетті заңды тұлға - салық төлеушінің (салық агентінің) билік етуі шектелген мүлкін өткізу саласындағы, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған заңды тұлға;»; 3) 147-бапта: 1-тармақтағы «15» деген цифрлар «20» деген цифрлармен ауыстырылсын; 3-тармақтағы «10» деген цифрлар «15» деген цифрлармен ауыстырылсын; 4) 180-баптың 2-тармағының 5) тармақшасы «бағалы қағаздарды» деген сөздерден кейін «, инвестициялық алтынды» деген сөздермен толықтырылсын; 5) 194-баптың 1) тармақшасындағы «15» деген цифрлар «20» деген цифрлармен ауыстырылсын; 6) мынадай мазмұндағы 244-1-баппен толықтырылсын: «244-1-бап. Халықаралық ұшуды, халықаралық әуемен тасымалдауды орындайтын шетелдік авиакомпаниялардың әуе кемелеріне май құю кезінде әуежайлар жүзеге асыратын жанар-жағармай материалдарын өткізуге салық салу 1. Халықаралық ұшуды, халықаралық әуемен тасымалдауды орындайтын шетелдік авиакомпаниялардың әуе кемелеріне май құю кезінде әуежайлар жүзеге асыратын жанар-жағармай материалдарын өткізу бойынша айналымға нөлдік ставкамен салық салынады. Осы баптың ережелері халықаралық ұшуды, халықаралық әуемен тасымалдауды орындайтын шетелдік авиакомпаниялардың әуе кемелеріне май құю кезінде жанар-жағармай материалдарын өткізетін халықаралық әуежайларға қатысты қолданылады. 2. Осы баптың мақсаттары үшін: 1) кеден одағына мүше мемлекеттерді қоса алғанда, шет мемлекеттердің авикомпаниялары шетелдік авиакомпаниялар деп танылады; 2) әуе кемесінің шет мемлекет шекарасын кесіп өтуі кезінде әуе кемесінің ұшуы халықаралық ұшу деп танылады; 3) тасымалдауда немесе қайта тиеуде үзілістің болуына немесе болмауына қарамастан, тасымалдауды орындау кезінде жөнелту және межелі пункттері: екі немесе одан да көп мемлекеттің аумағында; егер екінші мемлекет аумағында аялдау көзделсе, бір мемлекет аумағында орналасқан әуемен тасымалдау халықаралық әуемен тасымалдау деп танылады. Егер жөнелту және межелі пункттері Қазақстан Республикасының аумағы болып табылса, осы тармақтың бірінші бөлігі 3) тармақшасы үшінші абзацының ережесі қолданылмайды. 3. Халықаралық ұшуды, халықаралық әуемен тасымалдауды орындайтын шетелдік авиакомпаниялардың әуе кемелеріне май құю кезінде әуежайлар жүзеге асыратын жанар-жағармай материалдарын өткізу кезінде нөлдік ставкамен салық салынатын айналымдарды растайтын құжаттар мыналар болып табылады: 1) тұрақты рейстерді жүзеге асыру кезінде - әуежайдың шетелдік авиакомпаниямен жанар-жағармай материалдарын өткізуді көздейтін және (немесе) қамтитын шарты; тұрақты емес рейстерді жүзеге асыру кезінде - шетелдік авиакомпанияның өтінімі және (немесе) әуежайдың шетелдік авиакомпаниямен шарты (келісімі). Бұл ретте, өтінімде мынадай мәліметтер көрсетілуге тиіс: өзі тіркелген мемлекетті көрсете отырып, авиакомпанияның атауы; әуе кемесіне май құю үшін қажетті жанар-жағармай материалдарының болжамды мөлшері; әуе кемесінің болжамды қону күні. Форс-мажорлық жағдайлар салдарынан шетелдік әуе кемесі қонған кезде осы тармақшада көзделген өтінім толтырылмайды. Осы тармақшаның мақсаттары үшін: Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген кестеге сәйкес орындалатын рейс тұрақты рейс деп танылады; тұрақты рейс айқындамасына кірмейтін рейс тұрақты емес рейс деп танылады; 2) мынадай мәліметтер көрсетілуге тиісті шетелдік әуе кемесіне май құюға қойылатын талап: авиакомпанияның атауы; құйылған жанар-жағармай материалдарының мөлшері; әуе кемесіне май құйылған күн; әуе кемесі командирінің немесе шетелдік авиакомпания өкілінің және май құюды жүзеге асырған әуежайдың тиісті қызметі қызметкерінің қолдары; 3) кеден одағына мүше мемлекеттерге жүзеге асырылатын халықаралық ұшуды, халықаралық әуемен тасымалдауды қоспағанда, халықаралық ұшуды, халықаралық әуемен тасымалдауды орындайтын шетелдік әуе кемелеріне май құю кезінде - кеден органының белгісі бар тауарлар тізбесі қоса берілетін көліктік (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) өзге де құжаттар; 4) әуежай өткізген жанар-жағармай материалдары үшін шетелдік авиакомпанияның ақы төлеу фактісін растайтын құжат; 5) шетелдік әуе кемесіне май құю бойынша орындалған жұмыстардың актісі; 6) қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомаларының дұрыстығын растау бойынша тақырыптық тексеру жүргізуге қатысатын азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның лауазымды адамының шетелдік авиакомпания әуе кемесінің рейсті жүзеге асыру фактісін және азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның келісімімен уәкілетті орган бекіткен нысанда және тәртіппен өткізілген жанар-жағармай материалдарының (авиакомпаниялар бойынша) мөлшерін растайтын қорытындысы.»; 7) 248-бап мынадай мазмұндағы 16-1) тармақшамен толықтырылсын: «16-1) бір мезгілде мынадай талаптарға сәйкес болған: қосылған құн салығы бойынша салық кезеңі ішінде өткізілген инвестициялық алтынның жалпы салмағы 32 троя унциясынан аспайтын; қосылған құн салығы бойынша салық кезеңі ішінде өткізілген инвестициялық алтынның жалпы құны мынадай: өткізілген инвестициялық алтынның салмағын өткізу күніне Лондон қымбат бағалы металдар нарығы қауымдастығы белгілеген алтынның таңертеңгі фиксингіне (бағаның бағамдалуы) көбейту өткізу күніне белгіленген валюта айырбастаудың нарықтық бағамына көбейту тәртібімен есептелген сомаларды жинақтау жолымен қалыптасқан сомадан аспайтын кезде инвестициялық алтынды өткізу бойынша айналымдар қосылған құн салығынан босатылады. Осы тармақшаның ережелері инвестициялық алтынды: құймалар; пластиналар; Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған алтын монеталар нысанында өткізу кезінде қолданылады;»; 8) 250-баптың 2-тармағының 15) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «15) инвестициялық алтынды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Кассалық операциялар және құндылықтарды сақтау орталығында және (немесе) екінші деңгейдегі банктерде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ашылған металл шоттары арқылы өткізу;»; 9) 255-баптың 1-тармағының 10) тармақшасындағы «тауарлар импорты қосылған құн салығынан босатылады.» деген сөздер «тауарлар;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 11) және 12) тармақшалармен толықтырылсын: «11) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі импорттайтыннан басқа, бір мезгілде мынадай талаптарға сәйкес болған: қосылған құн салығы бойынша салық кезеңі ішінде импортталған инвестициялық алтынның жалпы салмағы 32 троя унциясынан аспайтын; қосылған құн салығы бойынша салық кезеңі ішінде импортталған инвестициялық алтынның жалпы құны мынадай: импортталған инвестициялық алтынның салмағын өткізу күніне Лондон қымбат бағалы металдар нарығы қауымдастығы белгілеген алтынның таңертеңгі фиксингіне (бағаның бағамдалуы) көбейту өткізу күніне белгіленген валюта айырбастаудың нарықтық бағамына көбейту тәртібімен есептелген сомаларды жинақтау жолымен қалыптасқан сомадан аспайтын кезде инвестициялық алтын импорты қосылған құн салығынан босатылады. Осы тармақшаның ережелері инвестициялық алтынды: құймалар; пластиналар; Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған алтын монеталар нысанында өткізу кезінде қолданылады. 12) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі импорттайтын инвестициялық алтын импорты қосылған құн салығынан босатылады.»; 10) 280-баптың 4-тармағында: бірінші абзацтағы «былайша» деген сөз «мынадай ставкалар бойынша» деген сөздермен ауыстырылсын; 1) тармақшада: 14-жолдың 4-бағанындағы «1000 теңге» деген сөздер «1960 теңге» деген сөздермен ауыстырылсын; 15-жолдың 4-бағанындағы «600» деген цифрлар «1200» деген цифрлармен ауыстырылсын; 16-жолдың 4-бағанындағы «1220» деген цифрлар «2400» деген цифрлармен ауыстырылсын; 17-жолдың 4-бағанындағы «95» деген цифрлар «190» деген цифрлармен ауыстырылсын; 18-жолдың 4-бағанындағы «1220» деген цифрлар «2450» деген цифрлармен ауыстырылсын; 11) 336-баптың бірінші бөлігіндегі кесте мынадай редакцияда жазылсын: « Рет № Жыл­дық өн­ді­ру кө­ле­мі Став­ка­лар, %-бен 1 2 3 1. 250 000 тон­на­ға дей­ін қо­са ал­ған­да 5 2. 500 000 тон­на­ға дей­ін қо­са ал­ған­да 7 3. 1 000 000 тон­на­ға дей­ін қо­са ал­ған­да 8 4. 2 000 000 тон­на­ға дей­ін қо­са ал­ған­да 9 5. 3 000 000 тон­на­ға дей­ін қо­са ал­ған­да 10 6. 4 000 000 тон­на­ға дей­ін қо­са ал­ған­да 11 7. 5 000 000 тон­на­ға дей­ін қо­са ал­ған­да 12 8. 7 000 000 тон­на­ға дей­ін қо­са ал­ған­да 13 9. 10 000 000 тон­на­ға дей­ін қо­са ал­ған­да 15 10. 10 000 000 тон­на­дан жо­ға­ры 18 »; 12) 339-баптың бірінші бөлігіндегі кесте мынадай редакцияда жазылсын: « Рет № Пай­да­лы қаз­ба­лар­дың ата­уы Став­ка­лар, %-бен 1 2 3 4 1. Қа­ра, тү­сті және ра­дио­ак­тив­ті ме­тал­дар ке­ні Хром ке­ні (кон­цен­тра­ты) 16,2 Мар­га­нец, те­мір-мар­га­нец ке­ні (кон­цен­тра­ты) 2,5 Те­мір ке­ні (кон­цен­тра­ты, ока­ты­штар) 2,8 Уран (өнім­ді ері­т­ін­ді, шах­та­лық әдіс) 22,0 2. Ме­тал­дар Мыс 5,7 Мы­рыш 7,0 Қор­ға­сын 8,0 Ал­тын, кү­міс, пла­ти­на, пал­ла­дий 5,0 Алю­ми­ний 0,25 Қа­лайы, ни­кель 6,0 3. Құ­ра­мын­да ме­тал­дар бар ми­не­рал­ды ши­кі­зат Ва­на­дий 4,0 Хром, ти­тан, маг­ний, ко­бальт, воль­фрам, вис­мут, сүр­ме, сы­нап, мы­шьяк және бас­қа­лар 6,0 4. Құ­ра­мын­да си­рек кез­де­се­тін ме­тал­дар бар ми­не­рал­ды ши­кі­зат Ни­о­бий, лан­тан, це­рий, цир­ко­ний 7,7 Гал­лий 1,0 5. Құ­ра­мын­да ша­шы­раң­қы ме­тал­дар бар ми­не­рал­ды ши­кі­зат Се­лен, тел­лур, мо­либ­ден 7,0 Скан­дий, гер­ма­ний, ру­би­дий, це­зий, кад­мий, ин­дий, тал­лий, гаф­ний, ре­ний, ос­мий 6,0 6. Құ­ра­мын­да ра­дио­ак­тив­ті ме­тал­дар бар ми­не­рал­ды ши­кі­зат Ра­дий, то­рий 5,0 7. Құ­ра­мын­да ме­талл еме­стер бар ми­не­рал­ды ши­кі­зат Тас кө­мір, қо­ңыр кө­мір, жан­ғыш тақ­та­та­стар 0 Фос­фо­рит­тер 4,0 Бор ан­гид­ри­ті 3,5 Ба­рит 4,5 Тальк 2,0 Флю­о­рит­тер 3,0 Во­ла­сто­нит 3,5 Шун­гит 2,0 Гра­фит және бас­қа­лар 3,5 Жар­қы­ра­уық тас ши­кі­за­ты: 8. Құ­ра­мын­да қым­бат ба­ға­лы та­стар бар ми­не­рал­ды ши­кі­зат Ал­мас, ла­ғыл, жа­құт, зүб­ә­р­жат, анар, алек­сан­дрит, қы­зыл (асыл) шпи­нель, эв­клаз, то­паз, ак­ва­ма­рин және бас­қа­лар 12,0 9. Құ­ра­мын­да жа­сан­ды та­стар бар ми­не­рал­ды ши­кі­зат Неф­рит, ла­зу­рит, ра­до­нит, ча­ро­ит, ма­ла­хит, аван­тю­рин, агат, яш­ма, қыз­ғы­лт кварц, ди­оп­таз, хал­це­дон және бас­қа­лар 3,5 10. Құ­ра­мын­да тех­ни­ка­лық та­стар бар ми­не­рал­ды ши­кі­зат Ал­мас, ко­рунд, агат, яш­ма, сер­пен­ти­нит, цир­кон, ас­бе­ст, слю­да және бас­қа­лар 2,0 »; 13) 365-бапта: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, меншік құқығында салық салу объектілері бар жеке тұлғалар және меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында салық салу объектілері бар заңды тұлғалар көлік құралдары салығын төлеушілер болып табылады. Заңды тұлға өз шешімімен өзінің құрылымдық бөлімшесін Қазақстан Республикасының көлік туралы заңнамасына сәйкес осындай құрылымдық бөлімшеге тіркелген көлік құралдары бойынша көлік құралдары салығын дербес төлеуші деп тануға құқылы. Бұл ретте, заңды тұлғаның шешімі немесе осындай шешімнің күшін жою осындай шешім қабылданған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі. Егер жаңадан құрылған құрылымдық бөлімше көлік құралдары салығын дербес төлеуші деп танылған жағдайда заңды тұлғаның осындай тану туралы шешімі осы құрылымдық бөлімше құрылған күннен бастап немесе осы құрылымдық бөлімше құрылған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.»; 3-тармақтың 1) тармақшасының үшінші абзацы «егістікке» деген сөзден кейін «(шабындықтарға, жайылымдарға)» деген сөздермен толықтырылсын; 14) 367-бап мынадай редакцияда жазылсын: «367-бап. Салық ставкалары 1. Салықты есептеу айлық есептік көрсеткіштермен белгіленген мынадай ставкалар бойынша жүргізіледі: Рет № Са­лық са­лу объ­ек­ті­сі Са­лық став­ка­сы (ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш) 1 2 3 1. Дви­га­те­лі­нің кө­ле­мі мы­на­дай же­ңіл ав­то­мо­биль­дер (тек­ше см.): 1100-ге дей­ін қо­са ал­ған­да 1 1100-ден жо­ға­ры 1500-ді қо­са ал­ған­да 2 1500-ден жо­ға­ры 2000-ды қо­са ал­ған­да 3 2000-нан жо­ға­ры 2500-ді қо­са ал­ған­да 6 2500-ден жо­ға­ры 3000-ды қо­са ал­ған­да 9 3000-нан жо­ға­ры 4000-ды қо­са ал­ған­да 15 4000-нан жо­ға­ры 117 2. Жүк кө­тер­гіш­ті­гі мы­на­дай жүк, ар­найы ав­то­мо­биль­дер (тір­ке­ме­лер­ді есеп­те­ме­ген­де): 1 тон­на­ға дей­ін қо­са ал­ған­да 3 1 тон­на­дан жо­ға­ры 1,5 тон­на­ны қо­са ал­ған­да 5 1,5 тон­на­дан жо­ға­ры 5 тон­на­ны қо­са ал­ған­да 7 5 тон­на­дан жо­ға­ры 9 3. Трак­тор­лар, өзді­гі­нен жү­ре­тін ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы, ме­ли­о­ра­тив­тік және жол-құ­ры­лыс ма­ши­на­ла­ры мен ме­ха­низмде­рі, жү­ріп өту мүм­кін­ді­гі жо­ға­ры ар­найы ма­ши­на­лар және жал­пы­ға ор­тақ пай­да­ла­ны­ла­тын ав­то­мо­биль жол­да­рын­да жү­ру­ге ар­нал­ма­ған бас­қа да ав­то­кө­лік құ­рал­да­ры 3 4. Ав­то­бу­стар: оты­ра­тын 12 орын­ға дей­ін қо­са ал­ған­да 9 оты­ра­тын 12-ден жо­ға­ры 25 орын­ды қо­са ал­ған­да 14 оты­ра­тын 25 орын­нан жо­ға­ры 20 5. Мо­то­цик­л­дер, мо­то­рол­лер­лер, мо­то­ша­на­лар, ша­ғын ке­ме­лер, дви­га­те­лі­нің қу­а­ты: 55 кВт-ға дей­ін қо­са ал­ған­да 1 55 кВт-дан аса­тын 10 6. Ка­тер­лер, ке­ме­лер, бук­сир­лер, баржа­лар, ях­та­лар (дви­га­те­лі­нің қу­а­ты мы­на­дай ат кү­шіне тең): 160-қа дей­ін қо­са ал­ған­да 6 160-тан жо­ға­ры 500-ді қо­са ал­ған­да 18 500-ден жо­ға­ры 1000-ды қо­са ал­ған­да 32 1000-нан жо­ға­ры 55 7. Ұшу ап­па­рат­та­ры әр­бір ки­ло­ватт қу­ат­тан ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш­тің 4 пай­ы­зы 8. Мы­на­лар­ды: ма­ги­страль­ды жол­дар бой­ы­мен по­ез­дар­дың кез кел­ген са­на­тын жүр­гі­зу үшін; ма­ги­страль­ды, стан­ци­я­лық және тар және (неме­се) кең та­бан­ды кір­ме жол­дар­да ма­невр жұ­мыста­рын жүр­гі­зу үшін; өнер­к­ә­сіп­тік те­мір­жол кө­лі­гі жол­да­рын­да және ма­ги­страль­ды және стан­ци­я­лық жол­дар­ға шық­пай­тын жол­дар­да пай­да­ла­ны­ла­тын те­мір­жол­дың тарт­қыш қоз­ғал­ма­лы құ­ра­мы; кө­лік құ­ра­лы­ның жал­пы қу­а­ты­ның әр­бір ки­ло­ва­ты­нан ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш­тің 1 пай­ы­зы Тар және кең та­бан­ды ма­ги­страль­ды және стан­ци­я­лық жол­дар­мен жо­ла­у­шы­лар та­сы­мал­да­уды ұй­ым­да­сты­ру үшін пай­да­ла­ны­ла­тын мо­тор-ва­гон­ды қоз­ғал­ма­лы құ­рам кө­лік құ­ра­лы­ның жал­пы қу­а­ты­ның әр­бір ки­ло­ва­ты­нан ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш­тің 1 пай­ы­зы Бұл ретте салықты есептеу үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіш қолданылады. 1-1. Осы Кодекстің мақсаттары үшін: 1) жеңіл автомобильдерге: В санатындағы автомобильдер; жүкке арналған платформасы және жүк бөлігінен қатты стационарлық қабырғамен бөлінген жүргізуші кабинасы бар жеңіл автомобиль шассиіндегі моторлы көлік құралдары (автомобиль-пикаптар); рұқсат етілген ең жоғары массасы және (немесе) жолаушылар орнының саны бойынша В санатына қойылатын талаптардан асып түсетін, сыйымдылығы ұлғайтылған және жүріп өту мүмкіндігі жоғары автомобильдер (жолсызбен жүретін автомобильдер, оның ішінде джиптер, сондай-ақ кроссоверлер мен лимузиндер) жатады; 2) егер осы тармақтың 1) тармақшасында өзгеше белгіленбесе, жүк автомобильдеріне С санатындағы автомобильдер жатады; 3) егер осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында өзгеше белгіленбесе, арнайы автомобильдерге белгілі бір технологиялық процестерді немесе операцияларды орындауға арналған, арнайы жабдықтары бар автомобильдер жатады; 4) егер осы тармақтың 1) тармақшасында өзгеше белгіленбесе, автобустарға D санатындағы автомобильдер жатады. 2. Жеңіл автомобильдердің үш айлық есептік көрсеткіш ставкасы бойынша салық салынатын двигателінің көлемі 1500-ден жоғары 2000 текше сантиметрді қоса алғандағы, алты айлық есептік көрсеткіш ставкасы бойынша салық салынатын 2000-нан жоғары 2500 текше сантиметрді қоса алғандағы, тоғыз айлық есептік көрсеткіш ставкасы бойынша салық салынатын 2500-ден жоғары 3000 текше сантиметрді қоса алғандағы, он бес айлық есептік көрсеткіш ставкасы бойынша салық салынатын 3000-нан жоғары 4000 текше сантиметрді қоса алғандағы, жүз он жеті айлық есептік көрсеткіш ставкасы бойынша салық салынатын 4000 текше сантиметрден жоғары көлемде болған кезде салық сомасы двигатель көлемінің тиісті төменгі шегінен асып түскен әрбір бірлік үшін 7 теңгеге ұлғайтылады. 3. Пайдаланылу мерзіміне қарай ұшу аппараттарының салық ставкаларына мынадай түзету коэффициенттері қолданылады: 1) 1999 жылғы 1 сәуірден кейін Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерден сатып алынған ұшу аппараттарына: пайдаланылу мерзімі 5 жылдан жоғары 15 жылды қоса алғанда - 2,0; пайдаланылу мерзімі 15 жылдан жоғары - 3,0; 2) 1999 жылғы 1 сәуірге дейін сатып алынған, сондай-ақ 1999 жылғы 1 сәуірден кейін сатып алынған және (немесе) Қазақстан Республикасында 1999 жылғы 1 сәуірге дейін пайдалануда болған ұшу аппараттарына: пайдаланылу мерзімі 5 жылдан жоғары 15 жылды қоса алғанда - 0,5; пайдаланылу мерзімі 15 жылдан жоғары - 0,3. 4. Көлік құралының пайдаланылу мерзімі көлік құралдарының паспортында (әуе кемесін ұшуда пайдалану жөніндегі нұсқауда) көрсетілген шығарылған жылы негізге алына отырып есептеледі. 5. Жүк және арнайы автомобильдер бойынша салықты есептеу үшін көлік құралын пайдалану жөніндегі нұсқаулықта және (немесе) нұсқауда көрсетілген көлік құралының жүк көтергіштігінің көрсеткіші пайдаланылады. Егер көлік құралын пайдалану жөніндегі нұсқаулықта (нұсқауда) жүк көтергіштігінің көрсеткіші көрсетілмесе, ол көлік құралының рұқсат етілген ең жоғарғы массасы мен көлік құралының жүктемесіз массасы (жабдықталған көлік құралының массасы) арасындағы айырма ретінде есептеледі.»; 15) 368-баптың 3-тармағындағы «сатып алу-сату шартының» деген сөздер «сатып алу-сату, айырбастау шарттарының» деген сөздермен ауыстырылсын; 16) 370-баптағы «есептеу мен төлеуге» деген сөздер «есептеуге» деген сөзбен ауыстырылсын; 17) 442-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «1) осы арнаулы салық режимі қолданылатын шаруа немесе фермер қожалықтарының қызметінен түскен табыстардан, оның ішінде қызметпен байланысты шығындарды (шығыстарды) жабуға мемлекеттік бюджет қаражатынан алынған сомалар түріндегі табыстардан алынатын жеке табыс салығын;»; 18) 456-баптың 5.3-жолының 3-бағанындағы «10» деген цифрлар «5» деген цифрмен ауыстырылсын; 19) 514-баптың кестесінде: 7-жолда: 2-бағандағы «10» деген цифрлар «200» деген цифрлармен ауыстырылсын; 4-бағандағы «55» деген цифрлар «1100» деген цифрлармен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 7-1-жолмен толықтырылсын: « 7-1. Үшін­ші жа­ңар­ты­лым­да­ғы ұя­лы бай­ла­ныс және төр­тін­ші жа­ңар­ты­лым­да­ғы ұт­қыр бай­ла­ныс (қа­был­да­у­ға ені 2 МГц/бе­ру­ге 2 МГц ра­дио­жи­і­лік бел­де­уі үшін) об­лыс, Аста­на, Ал­ма­ты қа­ла­ла­ры 2200 »; 20) 617-баптың екінші бөлігіндегі «жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (келіп түскен) мүлікпен жұмыс жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға» деген сөздер «уәкілетті заңды тұлғаға» деген сөздермен ауыстырылсын; 21) 618-бап мынадай редакцияда жазылсын: «618-бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) билік етуі шектелген мүлкін салық берешегі есебіне өткізу тәртібі Салық төлеушінің (салық агентінің) билік етуі шектелген мүлкін салық берешегі есебіне өткізуді уәкілетті заңды тұлға жүзеге асырады. Салық төлеушінің (салық агентінің) билік етуі шектелген мүлкін салық берешегі есебіне өткізу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.».
Тармақ 2
2. «Ойын бизнесі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 2, 15-құжат; 2009 ж., № 9-10, 48-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 111-құжат): 12-баптың 4-тармағындағы «төлеуді» деген сөзден кейін «жеке басын куәландыратын құжатты көрсетуі негізінде,» деген сөздермен толықтырылсын.
Тармақ 3
3. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 23, 113-құжат; ж., № 13-14, 63-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2000 ж., № 5, 23-құжат; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 101-құжат): 1) 1-баптағы «2010 жылғы 1 шілдеден» деген сөздер «2011 жылғы 1 қаңтардан» деген сөздермен ауыстырылсын; 2) 4, 5, 6, 7 және 16-баптар алып тасталсын; 3) 21-бапта: бірінші абзацтағы «2011» деген цифрлар «2014» деген цифрлармен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 3-1), 3-2) және 3-3) тармақшалармен толықтырылсын: «3-1) 2011 жылғы 1 қаңтардан 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін мынадай акциз ставкалары қолданылады: Рет № ЕурАз­ЭҚ СЭҚ ТН ко­ды Ак­ц­и­з­де­ле­тін та­у­ар­лар­дың түр­ле­рі Ак­циз став­ка­ла­ры (өл­шем бір­лі­гіне тең­ге­мен) 1 2 3 4 1. 2402-ден Филь­тр­лі си­га­рет­тер 1000 тең­ге/ 1000 да­на 2. 2402-ден Филь­тр­сіз си­га­рет­тер, па­пи­ро­стар 600 тең­ге/ 1000 да­на 3. 2402-ден Си­га­рилл­дер 1220 тең­ге/ 1000 да­на 4. 2402-ден Си­га­ра­лар 95 тең­ге/ да­на 5. 2403-тен Құ­ра­мын­да ни­ко­ти­ні бар фар­ма­цев­ти­ка­лық өнім­ді қо­с­па­ған­да, тұ­ты­ну ыдыс­ы­на қат­тал­ған және түп­кі­лік­ті тұ­ты­ну­ға ар­нал­ған тү­тіктік, ше­ге­тін, шай­най­тын, со­ра­тын, иіс­кей­тін, қор­қор­лы және өзге де те­ме­кі 1220 тең­ге/ ки­ло­грамм 3-2) 2012 жылғы 1 қаңтардан 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін мынадай акциз ставкалары қолданылады: Рет № ЕурАз­ЭҚ СЭҚ ТН ко­ды Ак­ц­и­з­де­ле­тін та­у­ар­лар­дың түр­ле­рі Ак­циз став­ка­ла­ры (өл­шем бір­лі­гіне тең­ге­мен) 1 2 3 4 1. 2402-ден Филь­тр­лі си­га­рет­тер 1250 тең­ге/ 1000 да­на 2. 2402-ден Филь­тр­сіз си­га­рет­тер, па­пи­ро­стар 750 тең­ге/ 1000 да­на 3. 2402-ден Си­га­рилл­дер 1530 тең­ге/ 1000 да­на 4. 2402-ден Си­га­ра­лар 120 тең­ге/ да­на 5. 2403-тен Құ­ра­мын­да ни­ко­ти­ні бар фар­ма­цев­ти­ка­лық өнім­ді қо­с­па­ған­да, тұ­ты­ну ыдыс­ы­на қат­тал­ған және түп­кі­лік­ті тұ­ты­ну­ға ар­нал­ған тү­тіктік, ше­ге­тін, шай­най­тын, со­ра­тын, иіс­кей­тін, қор­қор­лы және өзге де те­ме­кі 1550 тең­ге/ ки­ло­грамм 3-3) 2013 жылғы 1 қаңтардан 2014 жылғы 1 қаңтарға дейін мынадай акциз ставкалары қолданылады: Рет № ЕурАз­ЭҚ СЭҚ ТН ко­ды Ак­ц­и­з­де­ле­тін та­у­ар­лар­дың түр­ле­рі Ак­циз став­ка­ла­ры (өл­шем бір­лі­гіне тең­ге­мен) 1 2 3 4 1. 2402-ден Филь­тр­лі си­га­рет­тер 1550 тең­ге/ 1000 да­на 2. 2402-ден Филь­тр­сіз си­га­рет­тер, па­пи­ро­стар 950 тең­ге/ 1000 да­на 3. 2402-ден Си­га­рилл­дер 1930 тең­ге/ 1000 да­на 4. 2402-ден Си­га­ра­лар 150 тең­ге/ да­на 5. 2403-тен Құ­ра­мын­да ни­ко­ти­ні бар фар­ма­цев­ти­ка­лық өнім­ді қо­с­па­ған­да, тұ­ты­ну ыдыс­ы­на қат­тал­ған және түп­кі­лік­ті тұ­ты­ну­ға ар­нал­ған тү­тіктік, ше­ге­тін, шай­най­тын, со­ра­тын, иіс­кей­тін, қор­қор­лы және өзге де те­ме­кі 1940 тең­ге/ ки­ло­грамм »; 4) 23-бапта: 5-тармақтың бірінші бөлігінің 4) тармақшасындағы «8 процентін;» деген сөздер «8 пайызын төлейді.» деген сөздермен ауыстырылып, 5) тармақшасы алып тасталсын; 6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «6. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген, сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдары салық кезеңі ішінде алуға жататын (алған) табыстарға 20 пайыздық ставка бойынша корпоративтік табыс салығы салынуға тиіс.».
Бап 2
2-бап. Осы Заң: 1) 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағының 18) тармақшасын; 2) 2010 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 3-тармағының 1) тармақшасын қоспағанда, 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.