Қолданыстағы ред. 25.10.2010

Сарқан қаласындағы жаңадан құрылған атаусыз көшелерге ат қою туралы от 25.10.2010 г. № 38-231 (Сарқан қаласындағы жаңадан құрылған атаусыз көшелерге ат қою туралы)

0

Сарқан қаласындағы жаңадан құрылған атаусыз көшелерге ат қою туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 12-бабының 5-1) тармақшасына сәйкес, Сарқан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ және Сарқан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Сарқан қаласындағы жаңадан құрылған атаусыз көшелерге (бұрынғы Аэродром алаңының маңайында) оңтүстік-батысынан солтүстік-шығысына қарай Астана, Көшкінбай Жанатов, Әліби Жангелдин, Сырым Датұлы, Қасым хан көшесі деген атаулар қойылсын.

2

2. Осы бірлескен қаулы мен шешімнің орындалуын бақылау Сарқан аудандық мәслихаттың жастар арасында жұмысын қамту, мәдениет, білім беру, әлеуметтік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы К. Сәмбетов және аудан әкімінің орынбасары Ғ. Маманбаевқа жүктелсін.

3

3. Осы бірлескен қаулы мен шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.