Қазақстан Республикасының азаматтарды Мендіқара ауданының шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасының азаматтарды Мендіқара ауданының шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына, "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 17-бабының 3-тармағына сәйкес, ШЕШТІМ:
Тармақ 1
1. Тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты Қазақстан Республикасының азаматтарды 2011 жылғы қаңтардан бастап наурызға дейін "Қостанай облысы Меңдіқара ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің (келісім бойынша) шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін.
Тармақ 2
2. "Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Меңдіқара аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына (келісім бойынша) "Қостанай облысы Меңдіқара ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесімен бірлесіп тіркеу бойынша іс-шараларды ұйымдастыруға ұсынылсын.
Тармақ 3
3. Селолық округтер, Боровской селосының әкімдері:
Тармақша 1
1) тіркеуге жататын азаматтарды хабардар етсін және олардың шақыру учаскесіне дер кезінде келуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. "Меңдіқара ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі тіркеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу үшін жергілікті бюджеттен ақша қаражаттың бөлуін қарастырсын.
Тармақ 5
5. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қостанай облысының ішкі істер департаменті Меңдіқара ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) тіркеу өткізу кезінде шақыру учаскесінде қоғамдық тәртібін қамтамасыз ету ұсынылсын.
Тармақ 6
6. "Қостанай облысы Меңдіқара ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы (келісім бойынша) "Меңдіқара ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесімен бірлесіп:
Тармақша 1
1) әскери оқу орындарына үміткерлерді іріктеуге аудан оқу орындарына дейін нарядты жеткізсін;
Тармақша 2
2) бастауыш әскери даярлаудың ұйымдастыру-оқытушыларды әскери оқу орындары бойынша анықтамалық материалдармен қамтамасыз етсін;
Тармақша 3
3) әскери оқу орындарына үміткерлерді іріктеу бойынша жұмысының басталуы туралы хабарлауды бұқаралық ақпарат құралдары арқылы берсін;
Тармақша 4
4) әскери оқу орнына түсуге әрбір әскерге дейінгі шақырушылармен әскери кәсіптік бағыты мақсатымен жеке әңгімелесуді өткізсін.
Тармақ 7
7. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. К. Киікбаевқа жүктелсін.
Тармақ 8
8. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ
"Қостанай облысы Меңдіқара
ауданының Қорғаныс істері
жөніндегі бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
бастығы
_______________ В. Антипов
"Қостанай облысы әкімдігі
денсаулық сақтау
басқармасының "Меңдіқара
аудандық орталық ауруханасы"
мемлекеттік коммуналдық
қазыналық кәсіпорны бас
дәрігерінің міндетін атқарушы
________________ Ә. Жұмабаева
"Қазақстан Республикасы Ішкі
істер министрлігі Қостанай
облысының ішкі істер
департаменті Меңдіқара
ауданының ішкі істер бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
____________________ Н. Досымов