Құжат мәтініне өту

Көкпекті ауданындағы елді мекендердің аумақтарын көріктендіру, инфрақұрылым объектілерін сақтау және жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау Ережесін бекіту туралы

Ереже · № 25-4/2 · қабылданған 02.11.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 06.06.2012 редакциясы
https://adilet.kz/laws/doc-55765/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Көкпекті ауданындағы елді мекендердің аумақтарын көріктендіру, инфрақұрылым объектілерін сақтау және жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау Ережесін бекіту туралы Күшін жойған Ереже ·№ 25-4/2 ·02.11.2010
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.

Көкпекті ауданындағы елді мекендердің аумақтарын көріктендіру, инфрақұрылым объектілерін сақтау және жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау Ережесін бекіту туралы

ҚАЗКөкпекті ауданындағы елді мекендердің аумақтарын көріктендіру, инфрақұрылым объектілерін сақтау және жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған Ереже ·№ 25-4/2 · қабылданған 02.11.2010

ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды

Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Көкпекті ауданындағы елді мекендердің аумақтарын көріктендіру, инфрақұрылым объектілерін сақтау және жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау Ережесін бекіту туралы
Атауы (қаз.)
Көкпекті ауданындағы елді мекендердің аумақтарын көріктендіру, инфрақұрылым объектілерін сақтау және жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау Ережесін бекіту туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
25-4/2
Қабылданған күні
02.11.2010
Көрсетілген редакция
06.06.2012 · қолданыстағы AI55765_1.kaz
Базадағы редакциялар
1
Соңғы өзгеріс
06.06.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V10VO000077
ЭКБ идентификаторы
55765
Редакция идентификаторы
AI55765_1
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 07:03

0 Көкпекті ауданындағы елді мекендердің аумақтарын көріктендіру, инфрақұрылым

объектілерін сақтау және жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау Ережесін бекіту туралы
«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 3 бабының 2 тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабының 1 тармағының 8) тармақшасына сәйкес, Көкпекті аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1 1. Қоса беріліп отырған Көкпекті ауданында көріктендіру ережесі бекітілсін.

2 2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3 Көкпекті ауданындағы елді мекендердің аумақтарын көріктендіру, инфрақұрылым объектілерін сақтау және жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау Ережесі

Көкпекті аудандық мәслихатының
2010 жылғы 2 қарашадағы
№ 25-4/3 шешімімен бекітілді
Көкпекті ауданындағы елді мекендердің аумақтарын көріктендіру,
инфрақұрылым объектілерін сақтау және жасыл желектерді күтіп
ұстау мен қорғау Ережесі

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Көкпекті ауданындағы елді мекендердің аумақтарын көріктендіру, инфрақұрылым объектілерін сақтау және жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау Ережесі (әрі қарай Ереже) 2001 жылғы 30 қаңтардағы № 155 Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 387 бабына сәйкес әзірленді.
Осы Ереже елді мекендердің аумақтарын көріктендіру, оның элементтерін күтіп ұстау, қорғау және пайдалану, жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау тәртібін, сондай-ақ, заңды және жеке тұлғалардың осы мәселелер бойынша құқықтары мен жауапкершіліктерін анықтайды.

2 2. Елді мекендер аумақтарын көріктендіру, инфрақұрылым объектілерін сақтау

1 1. Меншік түріне және ұйымдастыру-құқықтық нысандарына қарамастан кәсіпорындар, шаруашылықтар, мекемелер, ұйымдар, қоғамдық бірлестіктер, лауазымды тұлғалар мен азаматтар аумақтарды көріктендіру жұмыстарын жүргізуге тиісті.

2 2. Аудан аумағындағы:

1 1) тұрғын үйлер, мәдени-тұрмыстық, әкімшілік, өнеркәсіп және сауда ғимараттары, автобекеттер, саябақтар, аллеялар және олардың маңайлары, демалыс аймақтары, базарлар және оларға іргелес аумақтар тазалықта және тәртіпте ұсталуға;

2

2) қашалар, қоршаулар, жарнаманың барлық түрлері және жарнамалық қондырғылар, ғимараттар мен ескерткіштерге сәндік сәуле шашу қондырғылары, маңдайша жазулары, жаймалар, аялдамалардағы павильондар, көше жарықтандыру фонарлары, жол белгілері, әртүрлі тіреулер мен бағандар, саябақтар және демалыс орындарындағы орындықтар, күл-қоқыс салатын сауыттар, көше атауларының көрсеткіштері, көлік, жолаушылар аялдамалары, үйлердің нөмірлік белгілері, ескерткіштер мен мемориалдық тақталар тазалықта, тәртіпте ұсталуға, сақталуға тиісті.

3 3. Сауда орындары және олар орналасқан ғимараттың аумақтары тазалықта және реттілікте ұсталуға жатады.

4 4. Халықтық ортақ пайдаланылатын (стадион, саябақ, базар, жәрмеңке өткізілетін орындар, автомобильдердің ашық тұрақтары және басқалары) жерлері тазалықта және реттілікте ұсталуға жатады.

5 5. Тұрғын үйлер, оның аумағына кіретін жерлер (үйлерге кіре беріс, қосалқы шаруашылық және аула аумақтары) және үйдің көше жақ бөлігі тазалық пен тәртіпте ұсталуы тиіс.

6 6. Құрылыс алаңдары басталғаннан бастап аяқталғанға дейін қоршалуы қажет.

7 7. Үй-жайларды иеленуші немесе жалдаушы, тиісті аумақтар бекітілген ұйымдар (меншіктің барлық нысанындағы), жеке тұлғалар қоқысты, қатты тұрмыстық қалдықтарды өз күштерімен немесе келісім шарт бойынша мамандандырылған кәсіпорындар арқылы арнайы белгіленген жерлерге шығарады.

8 8. Құрылыс материалдарын, ағаштарды, көмірді, шөпті, сабанды және тұрмыстық қалдықтарды, басқадай материалдарды көшелерге, тротуарларға үюге, сақтауға жол берілмейді.

9 9. Ғимараттардың, офистердің, сауда орындарының кіре берістері, саябақтар мен жағажайлар қоқыс салатын сауыттармен қамтамасыз етілуге тиісті. Қоқыс салатын сауыттар уақытылы қоқыстан тазартылып отыруы керек.

10 10. Үйлер мен ғимараттарды, инфрақұрылым нысандарын бұзған соң орны тазаланып, қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуге тиіс.

11 11. Күл-қоқыс пен тұрмыстық қалдықтарды белгіленген орындардан басқа жерлерге төгуге, жинауға жол берілмейді.

12 12. Қатты отынмен жылытылатын мекемелер мен ұйымдар (меншіктің барлық нысанындағы) отынды арнайы бөлінген жерге жиып қоюды және жер учаскелерін шлактан тазалау мен оны белгіленген орындарға шығаруды қамтамасыз етеді.

13 13. Су алатын шүмектердің, скважиналардың және құдықтардың жанында, сондай-ақ суға шомылатын орындарда кір жууға, техника жууға, мал суаруға, үй жануарларын шомылдыруға жол берілмейді.

14 14. Шағын архитектуралық нысандарды, дүңгіршектерді, павильондарды және көрнекілік құралдарын салу, орнату белгіленген тәртіппен тиісті органдармен келісілген жағдайда жүзеге асырылады.

15 15. Қоғамдық ғимараттар, спорт алаңдары мен демалыс орындары маңында қалдық салатын контейнерлер орналастырылады. Контейнерлер жаз айларында күніне бір реттен, ал қыста үш күннен бір реттен сиретпей тазаланып отырылуы керек.

16 16. Көп қабатты тұрғын үйлер, қоғамдық ғимараттар, спорт алаңдары мен демалыс орындары маңында қалдық салатын контейнерлер орналастырылады. Контейнерлер жаз айларында күніне бір реттен, ал қыста үш күнде бір реттен сиретпей тазаланып отырылуы керек.

17 17. Жылу, су жүйелерінің, кәріз құбырларының ақауларын жөндеу және арықтармен жеміс учаскелерін суару кезінде тротуарларға, көгал алаңдарға, көшелерге су жаюға жол берілмейді.

3 3. Жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау

18 18. Жерді пайдаланушылар өздеріне сеніп тапсырылған аумақтардағы егілген жасыл желектердің өсіп-өнуін және қорғалуын қамтамасыз етуге тиісті.

19 19. Құрылыс салуға, жер асты коммуникацияларының төсемі мен инженерлік желілер жүргізуге арналған жерлердегі егілген ағаштарды орнынан алу немесе орынын ауыстырып қайта отырғызуға тиісті органдардан рұқсат алғаннан кейін жол беріледі.

1 1. Жасыл желек аумағында:

1 1) құрылыс материалдарын, топырақ үйінділерін, отын, көмір басқа да заттарды текшелеп үюге, көгалдар мен гүлзарларды ластауға;

2 2) көгалдарды, гүлзарларды басуға, ағаштар мен бұталарды сындыруға, кесуге, басқа да механикалық зақымдауға;

3 3) көгалдар мен гүлзарларға автокөліктер қоюға;

4 4) гүлдерді жұлуға, көп жылдық гүлдердің тамырларын жұлуға, зақымдауға, қазып алуға;

5 5) мал, құс жіберуге жол берілмейді.

4 4. Осы ережені бұзған үшін жауапкершілік

20 20. Осы Ереженің талаптарын бұзғаны үшін тұлғалар Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 300,  387 баптарына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылады.