О некоторых вопросах предоставления государственной поддержки по выводу отечественной продукции на внешние рынки путем возмещения затрат экспортеров Қолданыста
Басқа 0
Экспорттаушылардың шығындарын өтеу жолымен отандық өнімді сыртқы нарықтарға шығару бойынша мемлекеттік қолдау көрсетудің кейбір мәселелері туралы
«Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2011.06.20 N 679 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Тармақ 2
2. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2011.06.20 N 679 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі (бұдан әрі - уәкілетті орган) заңнамада белгіленген тәртіппен:
екі апта мерзімде Индустрия және жаңа технологиялар, Экономикалық даму және сауда, Ауыл шаруашылығы министрліктері өкілдерінің, Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының, Қазақстан Республикасының Сауда-өнеркәсіп палатасының және заңды тұлғалардың салалық емес бірлестіктері (бизнес-қауымдастықтар) өкілдерінің қатысуымен Экспорттаушылардың шығындарын өтеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрсын;
«Экспорт 2020» экспортты дамыту және жылжыту бағдарламасын іске асыру кезінде экспорттаушылардың шығындарын өтеу бөлігінде оператордың әкімшілік шығыстарын көрсетілген Бағдарламаны жүзеге асыруға республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен бөлінген соманың 1 (бір) пайызынан аспайтын мөлшерде өтеуді көздесін.
Тармақ 4
4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 — 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 302 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 29, 225-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары мынадай мазмұндағы 22-1-жолмен толықтырылсын:
«
22-1
Мыналарды:
Экспорттаушылардың шығындарын өтеу жолымен отандық өнімді сыртқы нарықтарға шығару бойынша мемлекеттік қолдау көрсетудің қағидалары мен шарттарын, экспорттау кезінде экспорттаушылардың шығындары өтелетін отандық өнім түрлерінің тізбесін әзірлеу.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы
ИЖТМ
2010 жылғы қазан
».
Тармақ 5
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.