Шамшидин Дүйсенбиевтің атына көше атын беру туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.11.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Шамшидин Дүйсенбиевтің атына көше атын беру туралы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37 бабының 3 тармағын, "Қазақстан Республикасының Әкімшілік аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4 тармағын басшылыққа ала отырып және аудандық ономастикалық комиссиясы мәжілісінің 2010 жылғы 27-ші қазандағы № 3 хаттамасын орындау мақсатында ШЕШЕМІН:
Тармақ 1
1. Төменарық ауылының Бауыржан Момышұлы көшесінің қасындағы аты жоқ көшеге Шамшидин Дүйсенбиевтің аты берілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өтіп, ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енеді.