Көшеге ат қою туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.11.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Көшеге ат қою туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 1-тармағына, 8 желтоқсан 1993 жылғы № 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармақшасына және ауыл тұрғындарымен ономастика комиссиясының хаттамасына сәйкес ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. ОҚО Бәйдібек ауданы Жыланды елді мекеніндегі орталық көшеге Кенжебаев Оңғардың есімі берілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім аумақтық әділет органдарынан мемлекеттік тіркеуден өтіп ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау ауыл әкімінің орынбасары Ш.Ешмұратовқа жүктелсін.