Жамбыл облысы Жуалы ауданы Жетітөбе ауылдық округіне қарасты Любимовка ауылының атауын Қосмұрат ауылы деп өзгерту туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.11.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жамбыл облысы Жуалы ауданы Жетітөбе ауылдық округіне қарасты Любимовка ауылының атауын Қосмұрат ауылы деп өзгерту туралы Жуалы ауданы әкімдігі мен мәслихатының ұсыныстарын қарай келе, облыстық онамастика комиссиясының 2010 жылғы 19 тамыздағы № 1-3 ұйғарымы және тиісті аумақтың тұрғындарының пікірлерін ескере отырып, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа ала отырып, облыстық әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Жамбыл облысы Жуалы ауданы Жетітөбе ауылдық округіне қарасты Любимовка ауылының атауын Қосмұрат ауылы деп өзгертілсін.
Тармақ 2
2. Осы нормативтік құқықтық акті Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.