Ақжайық ауданы Сарытоғай ауылдық округінің Жанама, Сарман ауылдарындағы көшелерге атау беру туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.12.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ақжайық ауданы Сарытоғай ауылдық округінің Жанама, Сарман ауылдарындағы көшелерге атау беру туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңдарына сәйкес, 2010 жылғы 6 желтоқсандағы Сарытоғай ауылдық округінің тұрғындарының жалпы жиынының хаттамасын ескере отырып, ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Ақжайық ауданы Сарытоғай ауылдық округінің мына ауылдарының көшелеріне келесі атаулар берілсін:
Тармақша 1
1) Жанама ауылы бойынша: № 1 көшеге - "Сәкен Сейфуллин атындағы көше"; № 3 көшеге - "Жаңа құрылыс" көшесі; № 4 көшеге - "Жаңа қоныс" көшесі; № 5 көшеге - "Әбу Сембаев атындағы көше"; № 6 көшеге - "Гагарин атындағы көше"; № 7 көшеге - "Абай атындағы көше"; № 8 көшеге - "Жамбыл атындағы көше";
Тармақша 2
2) Сарман ауылы бойынша: № 1 көшеге - "Майдан Ержанов атындағы көше"; № 2 көшеге - "Тәуелсіздік көшесі"; № 3 көшеге - "Жұбан Молдағалиев" атындағы көше; № 4 көшеге - "Абай атындағы көше".
Тармақ 2
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын қадағалау ауылдық округ әкім аппаратының бас маманы А. Бигалиевке тапсырылсын.