Ақжайық ауданы Алмалы ауылдық округінің Алмалы, Атамекен, Жантемір ауылдарындағы көшелерге атау беру туралы Қолданыста
Басқа 0
Ақжайық ауданы Алмалы ауылдық округінің Алмалы, Атамекен, Жантемір ауылдарындағы көшелерге атау беру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңдарына сәйкес, 2010 жылғы 10 қарашадағы Алмалы ауыл округі тұрғындарының жалпы жиынының хаттамасын ескеріп, ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Ақжайық ауданы Алмалы ауылдық округінің мына ауылдарының көшелеріне келесі атаулар берілсін:
Тармақша 1
1) Алмалы ауылы бойынша:
№ 1 көшеге - "Абылайхан атындағы көше";
№ 2 көшеге - "Бейбітшілік атындағы көше";
№ 3 көшеге - "Темір Масин атындағы көше";
№ 4 көшеге - "Құрманғазы атындағы көше";
№ 5 көшеге - "Тың көтеру көшесі";
№ 6 көшеге - "Жеңіс көшесі";
№ 7 көшеге - "Жамбыл атындағы көше";
№ 8 көшеге - "Абай атындағы көше";
№ 9 көшеге - "А. Иманов атындағы көше";
№ 10 көшеге - "М. Маметова атындағы көше";
№ 11 көшеге - "Ә. Молдагулова атындағы көше";
№ 12 көшеге - "М. Өтемісұлы атындағы көше";
№ 13 көшеге - "С. Датұлы атындағы көше";
Тармақша 2
2) Атамекен ауылы бойынша:
№ 1 көшеге - "Ы. Алтынсарин атындағы көше";
№ 2 көшеге - "Достық көшесі";
№ 3 көшеге - "Болашақ көшесі";
Тармақша 3
3) Жантемір ауылы бойынша:
№ 1 көшеге - "Тәуелсіздік көшесі".
Тармақ 2
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын қадағалауды өзіме қалдырамын.