О перечне печатных изданий для публикации материалов о деятельности акционерных обществ Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.12.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Акционерлік қоғамдардың қызметі туралы материалдарды жариялауға арналған баспасөз басылымдарының тізбесі туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банк басқармасының 02.12.2003 N 414 (мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен. Акционерлiк қоғамдарға өздерiнiң қызметi туралы ақпарат жариялаулары бойынша бақылау жасауды жүзеге асыру мақсатында "Акционерлiк қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шiлдедегi Заңы 2-бабының он жетiншi азатжолының, 51-бабы 2-тармағының негізiнде және Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 13 қарашадағы N 3755 жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы туралы ереженiң 4-тармағының 18) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының (бұдан әрi "Ұлттық комиссия" деп аталады) Директораты ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Бағалы қағаздар рыногындағы қызметтерiне қатысты материалдарды жариялау үшiн акционерлiк қоғамдар пайдалануға құқылы болатын мерзiмдi баспасөз басылымдарының мынадай тiзбесi белгiленсiн:
Тармақша 1
1) "Егемен Қазақстан" газетi;
Тармақша 2
2) "Казахстанская правда" газетi;
Тармақша 3
3) "Қазақстанның бағалы қағаздар рыногы" журналы (акционерлердiң жалпы жиналысын шақыруға және өткiзуге және қоғамның iрi мәмiлелер жасауына қатысты ақпараттан басқа).
Тармақ 2
2. Осы Қаулының Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркелген күнiнен бастап күшiне енгiзiлетiндiгi белгiленсiн.
Тармақ 3
3. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Корпоративтiк қаржылар басқармасы:
Тармақша 1
1) осы Қаулыны акционерлiк қоғамдардың назарына жеткiзу жөнiндегi барлық ықтимал шараларды қолдансын;
Тармақша 2
2) осы Қаулының орындалысына бақылау жасасын.