О присвоении наименования улицам аула Байтерек Кызылжарского района Северо-Казахстанской области Қолданыста
Басқа 0
Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Бәйтерек ауылының көшелеріне атау беру туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 35-бабының 2-тармағына сәйкес, Бәйтерек ауылы тұрғындарының пікірлерін есепке ала отырып, Қызылжар селолық округінің әкімі ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Бәйтерек ауылының атаулары жоқ көшелеріне осы берілген шешімнің қосымшасына сәйкес атаулары берілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 3
3. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған кейін он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛГЕН»
Басқа 4
Қызылжар селолық округі
әкімінің 2010 жылғы 4 қарашадағы
№ 58 шешіміне қосымша
Бәйтерек ауылы көшелерінің атауы
Бірінші көше – Бейбітшілік көшесі
Екінші көше – Батыр Баян көшесі
Үшінші көше – Қарасай Батыр көшесі
Төртінші көше - Сәбит Мұқанов көшесі
Бесінші көше – Достық көшесі
Алтыншы көше – Астана көшесі
Жетінші көше – Конституцияға 15 жыл көшесі
Сегізінші көше – Алматы көшесі
Тоғызыншы көше – Қожаберген Жырау көшесі
Оныншы көше – Абылай хан көшесі
Он бірінші көше - Мәншүк Мәметова көшесі
Он екінші көше – Шоқан Уәлиханов көшесі
Он үшінші көше – Сегіз сері көшесі
Он төртінші көше – Ақан сері көшесі
Он бесінші көше - Сәкен Сейфуллин көшесі
Он алтыншы көше – Ғабит Мүсірепов көшесі
Он жетінші көше – Мағжан Жұмабаев көшесі
Он сегізінші көше – Бауыржан Момышұлы көшесі