О кредитовании бизнес-проектов для развития малого предпринимательства на местном уровне Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.02.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жергілікті деңгейде шағын кәсіпкерлікті дамыту үшін бизнес-жобаларды несиелеу туралы Қазақстан Республикасының «Шағын кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау көрсету туралы» Заңын орындау мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Ұсынылып отырған «2000 жылы жергілікті деңгейде шағын кәсіпкерлікті дамыту үшін бизнес-жобаларды несиелеу туралы ереже» бекітілсін.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік сатып алу және кәсіпкерлікке қолдау көрсету басқармасы, облыстық қаржы басқармасы, облыстық қазынашылық басқармасы банктердің несиелеу келісімнің шарттарын орындауына бақылау жасайтын болсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуына бақылау өзіме қалдырамын.
Басқа 4
Облыс әкімінің 2000 жылғы 4 ақпандағы № 349 шешіміне қосымша 2000 жылы жергілікті деңгейде шағын кәсіпкерлікті дамыту үшін бизнес-жобаларды несиелеу туралы ереже.
Тарау 1. 1. Жалпы шарттары
1. Жалпы шарттары
Тармақ 1
1. Осы ереже «Шағын кәсіпкерлікке жергілікті деңгейде қолдау көрсету» бағдарламасы бойынша облыстық бюджеттен қаржыландырылатын қаражатты пайдаланудың негізгі қағидаларын айқындайды.
Тармақ 2
2. Бюджеттік қаражаттар тендерлік негізде таңдап алынған уәкілетті банктер арқылы (бұдан былай Банктер), 2 жыл мерзімге дейін қайтарымдық негізінде жобаларға несие бөлу үшін беріледі.
Тармақ 3
3. Облыстың жергілікті атқарушы органы жоба құнындағы өзінің несие қорының үлесін Банктерге пайызсыз негізде береді.
Тармақ 4
4. Банктер өз несиелік қорының үлесін жобаны қаржыландыруға бас банкпен келісілген мөлшерде қосымша ұсынуға құқылы.
Тармақ 5
5. Мемлекеттік сатып алу және кәсіпкерлікке қолдау көрсету басқармасы Банкпен тиісті келісім жасайды. Келісім-шартқа сәйкес Банктерге жергілікті атқарушы орган алдында толық жауапкершілік жүктеледі және жобаларға несие беруге неси қоры ретінде пайдаланылатын бюджеттік қаражатты қайтарудың өз кепілдігін ұсынады.
Тармақ 6
6. Банктер несие ресурстарын Қазақстан Республикасының қолданыстағы Заңдарына сәйкес: - 2 жыл мерзімге, - несиені пайдаланғаны үшін пайыз төлеу шартымен, - кепілді қамтамасыз етумен, несие ресурстарын соңғы заемшыға ұсынады.
Тармақ 7
7. Несие ресурстары ретінде пайдаланылатын бюджет қаражаттары Атырау облысы аудандарының халқының санының балама үлесіне қарай белгіленеді.
Тармақ 8
8. Аудандарда қаржыландыру сомасының 50% пайызынан кем емес мөлшері ауылшаруашылығы жөніндегі жобаларға бөлу ұсынылады. млн.тенге Халық санының балама үлесіне қарай белгіленген несие ресурстары Барлығы: 100 Атырау қаласы 44,0 Жылыой 4,0 Индер 6,6 Исатай 5,2 Курмангазы 12,7 Кзылкога 7,0 Махамбет 5,8 Макат 5,7 Резерв 9,0
Тармақ 9
9. Шығыстар сметасына сәйкес несиелік қаражаттарды бөлу, үлес-үлеспен жүзеге асырылады.
Тармақ 10
10. Бірінші кезекте ауылшаруашылығы жобалары қаралатын болады.
Тармақ 11
11. Аудан 2000 жылғы 1 шілдеге дейінгі мерзімде белгіленген лимитті игере алмаған жағдайында, пайдаланылмаған қаражат басқа аудандарға таратылып беріледі.
Тарау 2. 2. Қаржыны пайдалану бағыттары
2. Қаржыны пайдалану бағыттары
Тармақ 1
1. Несиелік қорлар әрбір ауданның бюджеттік қаражатын пайдалану жөнінде әзірленген мақсатты бағдарламаға сәйкес бизнес жобаларға бөлінуі тиіс. Бұл ретте жалпы соманың 50% жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың жұмысын жандандыруға, 50% жаңадан импортты алмастыратын өндіріспен халыққа қызмет көрсету кәсіпорындарын құру үшін бөлінуі керек.
Тармақ 2
2. Бизнес-жобалар міндетті түрде қала аудан әкімшілік комиссияларынан өтіп, жобаның басымдықтары туралы кепілдік-ұсыныстары болуы керек. 2000 жылғы қаржыландыруға басымдық берілген жобаларды іріктеу мемлекеттік сатып алу және кәсіпкерлікке қолдау көрсету басқармасы, табиғи монополияларды реттеу жөніндегі Департаменттің, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау және облыстық кәсіпкерлер қауымдастығы, қала аудан әкімшіліктері өкілдерінің қатысуымен жүзеге асырылады.
Тарау 3. 3. Жобаларды қабылдау, қарау, мақұлдау және несие ресурстарын бөлу тәртібі
3. Жобаларды қабылдау, қарау, мақұлдау және несие ресурстарын бөлу тәртібі
Тармақ 1
1. Соңғы қарызгерлер банктерге ұсынатын құжаттарына қойылатын талаптарды Банктердің өздері белгілейді және қолданыстағы банктік заңмен және олармен қабылданған несие саясатына сәйкес белгіленеді.
Тармақ 2
2. Қаржы бөлуге дейін Банк несиелеу комитетінің оңтайлы бағасын алған бизнес-жобаларды қаржыландыруға соңғы бекіту үшін мемлекеттік сатып алу және кәсіпкерлікті қолдау басқармасына ұсыну қажет.
Тарау 4. 4. Несиенің мақсатты пайдаланылуына және өтелуіне бақылау жасау
4. Несиенің мақсатты пайдаланылуына және өтелуіне бақылау жасау
Тармақ 1
1. Мемлекеттік сатып алу және кәсіпкерлікке қолдау көрсету басқармасы, облыстық қаржы басқармасы, және облыстық қазынашылық басқармасы Банктермен несие ресурстары ретінде пайдаланылатын бюджет қаржысының уақытылы және мақсатты пайдаланылуына, несие келісім шарттары талаптарының орындалуына бақылау жасайды.
Тармақ 2
2. Банктерге бюджет қаржысын бөлу облыс әкімінің өкімімен бағдарламаның әкімшілігі арқылы облыстық қаржы басқармасымен қаржыландыру арқылы жүзеге асырылады. Несие ресурстары ретінде қаржыландырылатын бөлінген бюджет қаржысы Банктермен күн мерзім ішінде игерілмесе, олар тиісті банктік операциялардың жүргізу есебімен жергілікті бюджет бағдарламасы әкімшілігінің есеп-шотына қайтарылады.
Тармақ 3
3. Несие алушылардан алынған несиені өтеу есебінен түскен қаржыны, Банкамен алынған қаражат бюджетке қайтару мерзімі аяқталғанша, 2 жыл бойы шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларын қайта несиелеуге жұмсауға болады.
Тармақ 4
4. Қала және аудан әкімдері несие ресурстарының мақсатты пайдаланылып, мезгілінде қайтарылуына бақылау жасайды. Қала және аудандар әкімдеріне қаржыландырылған жобалар бойынша жергілікті бюджет кепілдігін және міндеттемесін беруге тыйым салынады.
Тармақ 5
5. Мемлекеттік сатып алу басқармасы және кәсіпкерлікке қолдау көрсету және Банктер арасында жасалған келісім-шарттарға сәйкес бюджеттік қаражаттарды белгіленген көлемде және тәртіпте игеру туралы есеп беру қамтамассыз етілді.