О чрезвычайной ситуации в с. Тарханка Күшін жойған
Басқа 0
Тарханка селосындағы төтенше жағдай туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - ШҚО әкімінің 2004 жылғы 17 наурыздағы N 1-120р өкімімен.
Су тасқыны қаупінің алдын алу үшін Глубокое ауданының Тарханка селосының маңындағы Үлбі өзенінің жағалауын шұғыл бекіту жұмыстарын орындауға байланысты:
Тармақ 1
1. Тарханка селосында қалыптасқан жағдай төтенше деп саналсын.
Тармақ 2
2. Облыстық қоршаған ортаны қорғау қоры /Браташ И.В./:
Тармақша 1
1) "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шілдедегі заңының 24 бабының 2-тармақшасы негізінде бір көзден мемлекеттік сатып алуды жүргізсін;
Тармақша 2
2) 2000 жылдың 1 сәуірінен бастап жағалауды бекіту жұмысын бастасын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуына бакылау жасау облыс Әкімінің орынбасары А.С. Бергеневке жүктелсін.