Кеген селолық округінің Жаңа Дархан көшесін Игібаев Өміржанның атауына өзгерту туралы Қолданыста
Басқа 0
Кеген селолық округінің Жаңа Дархан көшесін Игібаев Өміржанның атауына өзгерту туралы
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14–бабы 4–тармағына, Райымбек аудандық қоғамдық ономастикалық кеңестің келісімі негізінде және халықтың пікіріне сәйкес Кеген селолық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Кеген селолық округінің Жаңа Дархан көшесі Игібаев Өміржанның атауына өзгертілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.