Қапланбек ауылдық округі Қапланбек елді мекеніндегі көше атауларын өзгерту туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.12.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қапланбек ауылдық округі Қапланбек елді мекеніндегі көше атауларын өзгерту туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына және «Қазақстан Республикасының әкімшілік аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14-бабына сәйкес, Қапланбек ауылдық округі Қапланбек елді мекені тұрғындарының пікірін ескере отырып ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Көше атауларын өзгерту:
Тармақша 1
1) Қапланбек ауылдық округі Қапланбек елді мекеніндегі «Титов» көшесіне «Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев»;
Тармақша 2
2) Қапланбек ауылдық округі Қапланбек елді мекеніндегі «Мақта пункт» көшесіне «Әділет»;
Тармақша 3
3) Қапланбек ауылдық округі Қапланбек елді мекеніндегі «XXVI партсъезд» көшесіне «Әлия Молдағұлова»;
Тармақша 4
4) Қапланбек ауылдық округі Қапланбек елді мекеніндегі «Тельман» және «Комсомол» көшелері біріктіріліп «Төлеби» атаулары берілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.