О Комитете по делам Содружества Независимых Государств Министерства иностранных дел Республики Казахстан Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.10.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігінің тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы iстерi жөніндегі комитетi туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.10.2004 N 1118 Қаулысымен. Қазақстан Республикасының Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы шеңберiндегі екi жақты және көп жақты ынтымақтастығы мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасы Сыртқы, iстер министрлiгінiң үйлестiрушiлiк рөлiн күшейту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi үшiн бекiтiлген штат саны лимитiнiң шегiнде Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігінің Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы iстерi жөнiндегi комитетi құрылсын.
Тармақ 2
2. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігінің Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы істері жөніндегi комитетi туралы ереже бекiтiлсiн.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiс пен толықтыру енгiзiлсiн.
Тармақша 1
1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 09.02.2001 N 214 қаулысымен;
Тармақша 2
2) "Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігінің мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 21 қазандағы N 1578 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 49, 472-құжат): көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi (Сыртқыiсминi) туралы ережеде: 1-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: "Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнің ведомствосы - Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы iстерi жөнiндегi комитетi бар". 📌 Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 09.02.2001 N 214 қаулысымен.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi осы қаулыдан туындайтын барлық қажеттi шараларды қабылдасын.
Тармақ 5
5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастан күшіне енедi.
Басқа 8. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы iстерi жөнiндегі комитетi туралы ЕРЕЖЕ
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 21 наурыздағы N 421 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы iстерi жөнiндегі комитетi туралы ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы iстерi жөнiндегi комитетi (бұдан әрi - Комитет) Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi құзыретiнiң шегiнде арнайы атқарушылық функцияларды және Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы (бұдан әрi - ТМД) елдерiмен ынтымақтастықты ведомствоаралық үйлестiрудi жүзеге асыратын ведомство болып табылады.
Тармақ 2
2. Комитет өзiнiң кызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын , заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметінiң актiлерiн, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
Тармақ 3
3. Комитет мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өзiнiң атауы мемлекеттiк тiлде жазылған мөрi, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi болады.
Тармақ 4
4. Комитеттiң штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
Тармақ 5
5. Комитеттiң заңды мекен-жайы: 473000, Астана қаласы, Бейбiтшiлiк көшесi, 10.
Тармақ 6
6. Комитеттiң толық атауы - "Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң Тэуелсiз Мемлекеттер Достастығы iстерi жөніндегi комитетi" мемлекеттiк мекемесi.
Тармақ 7
7. Осы Ереже Комитеттiң құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 8
8. Комитеттің қызметiн қаржыландыру республикалық бюджеттен ғана жүзеге асырылады. Комитетке кәсiпкерлiк субъектiлермен Комитеттiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Комитетке заң актiлерiмен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру жөнiнде құқық берiлген жағдайда, мұндай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.
Тарау 2. 2. Комитеттiң негізгі мiндеттерi, функциялары және құқықтары
2. Комитеттiң негізгі мiндеттерi, функциялары және құқықтары
Тармақ 9
9. Комитеттiң негiзгi мiндеттерi:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының басшылығы үшiн Тәуелсiз Мемлекеттердің Достастығы (бұдан әрi - ТМД) елдерiмен екi жақты және көп жақты қатынастарда және ТМД, Еуразиялық экономикалық қоғамдастық (бұдан әрі - ЕурАзЭҚ), Ұжымдық қауiпсiздiк туралы шарт (бұдан әрi - ҰҚШ), Орталық Азия Ынтымақтастығы Ұйымы (бұдан әрi - ОАЫ), Түркi тiлдес Мемлекеттердiң Мәдениет Министрлерiнің Тұрақты Кеңесi (бұдан әрi - ТҮРКIСОЙ), Аралды Құтқару Халықаралық Қоры (бұдан әрі - АҚХҚ) (бұдан әрi - интеграциялық бiрлестiктер) шеңберiнде Қазақстан Республикасының сыртқы саяси стратегиясы жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
Тармақша 2
2) ТМД елдерiмен екi жақты және көп жақты ынтымақтастық саласында және интеграциялық бiрлестiктерде Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары қызметiнің тиiмдiлiгiн және үйлестiрiлген қызметiн қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы ТМД елдерiмен және интеграциялық бiрлестiктер шеңберiнде жасасқан, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттардың орындалуына жалпы бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 4
4) ТМД елдерiндегi саяси және экономикалық жағдайды зерделеу;
Тармақша 5
5) мемлекеттiк органдарды сыртқы және iшкi саясатты жүзеге асыру үшiн қажеттi ақпаратпен қамтамасыз ету;
Тармақша 5-1
5-1) терроризмге, сепаратизмге, экстремизмге, заңсыз көшi-қонға және заңсыз есiрткі айналымына қарсы әрекет жасау жөніндегi интеграциялық бірлестiктерге қатысушы мемлекеттермен ынтымақтастықты дамытуға жәрдемдесу;
Тармақша 6
6) ТМД елдерiмен экономикалық, сауда және ғылыми-техникалық ынтымақтастықты жүзеге асыруға жәрдемдесу болып табылады.
Тармақша 6-1
6-1) қоршаған ортаны қорғау, трансшекаралық су ресурстарын ұтымды пайдалану саласындағы ынтымақтастықты жүзеге асыруға жәрдемдесу; 📌 Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 11.10.2002 N 1109 қаулысымен.
Тармақ 10
10. Комитет заңдарда белгiленген тәртiппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының ТМД елдерiмен және интеграциялық бiрлестiктер шеңберiнде ынтымақтастығын дамытудың неғұрлым перспективалы және басымдықты бағыттарын айқындау жөнiнде Қазақстан Республикасының басшылығына ұсынымдар мен ұсыныстар енгiзедi;
Тармақша 1-1
1-1) интеграциялық бiрлестiктер шеңберiнде iс-шаралар өткiзудiң және өткiзілетiн iс-шараларға Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының өкiлдерi қатысуының орындылығы туралы ұсыныстарды әзiрлейдi;
Тармақша 2
2) ТМД мемлекеттерінің сыртқы және iшкi саясатының, экономикалық дамуының түрлi аспектілерi бойынша талдамалық, ақпараттық және анықтамалық материалдарды дайындайды;
Тармақша 2-1
2-1) Қазақстан Республикасының интеграциялық бiрлестіктерге қатысушы мемлекеттермен халықаралық шарттар жасасуы жөнiнде келiссөздер жүргiзедi;
Тармақша 3
3) интеграциялық бiрлестiктердің жарғылық органдарының мәжiлiстерiне Қазақстан Республикасының ұстанымы бойынша ұсыныстар әзiрлейді;
Тармақша 4
4) ТМД, интеграциялық бiрлестiктердiң жарғылық органдарымен тұрақты жұмыс бабындағы байланыстарды ұстап тұрады;
Тармақша 5
5) бiрлескен жобаларды, келiсiмдер мен уағдаластықтарды iске асыру қажеттi ақпарат пен құжаттамаларды алмасу жөнiнде Қазақстан Республикасының ТМД елдерiндегi елшіліктерiмен, сондай-ақ ТМД мемлекеттерiнiң Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық өкiлдiктерiмен тұрақты байланысты жүзеге асырады;
Тармақша 6
6) ТМД елдерiнде Қазақстан Республикасының сыртқы және iшкi саясаты қоғамдық, әлеуметтiк-экономикалық және мәдени өмiрi туралы ақпарат таратуға жәрдемдеседi;
Тармақша 7
7) ТМД елдерiмен жоғары және биiк деңгейдегі сапарларды және интеграциялық бiрлестiктер шеңберiндегi кездесулердiәзiрлеуге және өткiзуге қатысады;
Тармақша 8
8) ТМД елдерiмен ынтымақтастық жөнiндегi үкiметаралық комиссиялардың жұмысын үйлестiредi, қомиссиялардың кезектi мәжiлiстерiн өткiзудi қамтамасыз етедi, мәжiлiстердiң қорытынды хаттамаларын дайындайды және белгіленген уағдаластықтардың iске асуына бақылау жасауды жүзеге асырады;
Тармақша 9
9) ТМД елдерiмен Қазақстанның мемлекеттiк шекарасын делимитациялау жөніндегі келiссөздердi әзiрлеуге және өткiзуге қатысады. 📌 Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 11.10.2002 N 1109 қаулысымен.
Тармақ 11
11. Комитеттiң заңдарда белгiленген тәртiппен және құзыретiнiң шегінде:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының министрлiктерiнен, ведомстволарынан және агенттiктерінен, жергiлiктi атқарушы органдары мен шетелдiк мекемелерiнен, интеграциялық бiрлестiктердің институттарынан ТМД шеңберiндегi екi жақты және көп жақты ынтымақтастыққа қатысты анықтамалық және өзге де материалдарды сұратуға және алуға, сондай-ақ аталған органдар мен ұйымдарға белгiленген тәртiппен қажеттi ақпаратты беруге;
Тармақша 2
2) Комитеттiң құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша ұсыныстар мен ұсынымдарды әзiрлеу үшiн тиiстi мамандарды тартуға; Қазақстан Республикасының интеграциялық бiрлестіктерге қатысушы мемлекеттермен екі жақты және көп жақты ынтымақтастықтың проблемалық мәселелерi бойынша тұжырымдамалық позициясын әзiрлеу жөнiндегi сарапшылардың қатысуымен уақытша жұмыс топтарын құруға;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын, интеграциялық бiрлестiктерге қатысушы мемлекеттер жасасқан халықаралық шарттардың орындалуына кедергі келтiретiн Қазақстан Республикасы министрлiктерiнiң, ведомстволарының, агенттiктерінiң және жергiлiктi атқарушы органдарының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң қолданылуын тоқтата тұру немесе тоқтату туралы ұсыныс енгізуге;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi басшылығының тапсырмасы бойынша Достастық елдерiнiң сыртқы саяси және басқа да ведомстволарының және интеграциялық бiрлестiктер институттарының делегацияларымен, аталған органдар мен ұйымдардың жұмыс топтарымен Комитеттiң құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша келiссөздер жүргізуге;
Тармақша 5
5) Комитеттің құзыретiне жататын проблемалар жөнiндегi республикалық және халықаралық конференцияларға, семинарларға, кеңестерге қатысуға;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң басшылығына кадр мәселесi жөнінде, оның iшiнде Комитеттің кызметкерлерiн қайта даярлау және бiлiктiлiгiн көтеру оларды қызметке тағайындау және қызметтен босату, дипломатиялық дәрежелер беру, материалдық және өзге де көтермелеу жөнiнде ұсыныстар енгiзуге құқығы бар. 📌 Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 11.10.2002 N 1109 қаулысымен.
Тарау 3. 3. Комитеттің мүлкі
3. Комитеттің мүлкі
Тармақ 12
12. Комитеттің жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлкi болады.
Тармақ 13
13. Комитетке бекiтiлiп берiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады.
Тармақ 14
14. Комитеттiң өзiне бекiтiлiп берiлген мүлiктi өз бетiнше иелiктен шығаруға немесе оған өзге де тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ. Комитетке заңдарда белгiленген жағдайларда және шектерде мүлiкке билiк ету құқығы берiлуi мүмкiн.
Тарау 4. 4. Комитеттің қызметін ұйымдастыру
4. Комитеттің қызметін ұйымдастыру
Тармақ 15
15. Комитетті Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрiнің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Yкiметi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын вице-министр - төраға басқарады. Вице-министрдің - Комитет төрағасының, өзiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасары болады. 📌 Ескерту. 15-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 11.10.2002 N 1109 қаулысымен.
Тармақ 16
16. Вице-министр - Комитеттің төрағасы Комитеттiң жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды әрi Комитетке жүктелген тапсырмалардың орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін жеке жауапкершiлiкте болады. 📌 Ескерту. 16-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 11.10.2002 N 1109 қаулысымен.
Тармақ 17
17. Осы мақсатта вице-министр - Комитеттің төрағасы заңдарда белгiленген тәртiппен:
Тармақша 1
1) өзiнiң орынбасары мен Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының мiндеттерi мен өкiлеттiктерiн белгiлейдi;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң басшылығымен келiсiм бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен штат саны лимитiнiң шегiнде Комитеттiң құрылымын айқындайды;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң басшылығына Комитеттің қызметкерлерiн қызметке тағайындау және қызметтен босату жөнiнде ұсыныс енгізедi;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнің басшылығына Комитеттiң қызметкерлерiн көтермелеу және оларға тәртiптiк жаза қолдану туралы ұсыныс енгізедi;
Тармақша 5
5) мемлекеттiк органдарда және өзге де ұйымдарда Комитеттiң атынан өкiлдiк етедi;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрiнiң нұсқауы бойынша басқа да тапсырмаларды орындайды. 📌 Ескерту. 17-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 11.10.2002 N 1109 қаулысымен.
Тарау 5. 5. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату
5. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 18
18. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.