Жанқожа батыр ауылындағы атауы жоқ көшеге Ескенебаев Аралбайдың атын қою туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.11.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жанқожа батыр ауылындағы атауы жоқ көшеге Ескенебаев Аралбайдың атын қою туралы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңдарын басшылыққа алып, Жанқожа батыр ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып және аудандық ономастика комиссиясының 2010 жылғы 11 маусымдағы N 6 ұйғарымына сәйкес ШЕШЕМІН:
Тармақ 1
1. Жанқожа батыр ауылының солтүстік-батыс жағындағы атауы жоқ көше Ұлы Отан соғысының ардагері Ескенебаев Аралбай атындағы көше болып аталсын.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауға алуды өз міндетіме қалдырамын.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.