Құжат мәтініне өту

Сырдария ауданы бойынша азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру туралы

Өзге акт · № 7 · қабылданған 23.11.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 09.12.2011 редакциясы
https://adilet.kz/laws/doc-55971/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Сырдария ауданы бойынша азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру туралы Күшін жойған Өзге акт ·№ 7 ·23.11.2010
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.

Сырдария ауданы бойынша азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру туралы

ҚАЗСырдария ауданы бойынша азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру туралы

Күшін жойған Өзге акт ·№ 7 · қабылданған 23.11.2010

ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды

Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Сырдария ауданы бойынша азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру туралы
Атауы (қаз.)
Сырдария ауданы бойынша азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
7
Қабылданған күні
23.11.2010
Көрсетілген редакция
09.12.2011 · қолданыстағы 55971_213158.kaz
Базадағы редакциялар
1
Соңғы өзгеріс
09.12.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V10LH000135
ЭКБ идентификаторы
55971
Редакция идентификаторы
55971_213158
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 06:53

0 Сырдария ауданы бойынша азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17 бабына сәйкес ШЕШЕМІН;

1

1. "Сырдария ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (М.Сүлейменов, келісім бойынша) тіркелетін жылы он жеті Жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды бастапқы әскери есепке қою үшін тіркеуді жүргізетін аудандық шақыру учаскесіне тіркеуді 2011 жылдың Қаңтар - наурыз айларында ұйымдастыру ұсынылсын.

2 2. Тереңөзек кенті және ауылдық округі әкімдері аудандық Қорғаныс Істері жөніндегі бөлімімен бірлесіп азаматтарды есепке алу, азаматтардың аудандық шақыру учаскесіне есепке тұруы үшін уақытылы және дер кезінде келуін қамтамасыз етсін.

3

3. "Сырдария ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (Ғ.Мүсірепов, келісім бойынша) тіркеуді жүргізу кезінде аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімімен бірлесіп, аудандық шақыру учаскесінде қоғамдық тәртіптің сақталуын және азаматтардың шақыру учаскесіне келуіне бақылау жасап, тіркеуден бас тарту әрекеттерін болдырмау жөнінде шаралар қабылдау ұсынылсын.

4

4. "Сырдария ауданының кеңес беру диагностикалық емханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны (С.Ерімбет, келісім бойынша) аудандық шақыру учаскесінде азаматтарды медициналық тексеруден өткізу үшін арнайы маман-дәрігерлер бөліп, қажетті дәрі-дәрмек, құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету ұсынылсын.

5 5. "Сырдария ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне

(Б.Сүюбаева) және "N 10 кәсіптік лицей" мемлекеттік мекемесіне
(Ғ.Үдербаев келісім бойынша):

1 1) әскер жасына дейінгі азаматтарды әскери есепке тұруына

байланысты міндеттерді орындау үшін қажетті уақытқа оқудан босатуды;

2 2) тіркеуге жататын азаматтарға оларды аудандық Қорғаныс істері

жөніндегі бөліміне шақыру туралы хабарлауды және осы шақыру бойынша оларды уақытында келуін қамтамасыз ету ұсынылсын.

6 6. "Сырдария ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне қаңтар-наурыз айларында

азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу жұмыстарына көмек көрсету үшін
уәкілетті органда жұмыссыздықта тіркеуде тұрған өз еріктерімен келіскен азаматтарды Сырдария ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөліміне жіберу арқылы ақы төленетін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырсын.

7 7. Аудан әкімінің 2009 жылғы 10 желтоқсандағы "Сырдария ауданы бойынша азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру туралы"

N 17 шешімінің (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің
2009 жылғы 29 желтоқсандағы N 10-8-105 болып тіркелген, "Тіршілік
тынысы" газет баспасының 2010 жылғы 6 қаңтардағы N 1 санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

8 8. Осы шешімінің орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің

орынбасары Е.Әжікеновке жүктелсін.

9 9. Шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа

енгізіледі.