Сайқын ауылдық округінің Шонай ауылына, Ұзынкөл елді мекеніне карантиндік режимді және шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантиндік аймақтық ветеринариялық режимін белгілеу туралы
ҚАЗСайқын ауылдық округінің Шонай ауылына, Ұзынкөл елді мекеніне карантиндік режимді және шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантиндік аймақтық ветеринариялық режимін белгілеу туралы
ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Сайқын ауылдық округінің Шонай ауылына, Ұзынкөл елді мекеніне карантиндік режимді және шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантиндік аймақтық ветеринариялық режимін белгілеу туралы
- Атауы (қаз.)
- Сайқын ауылдық округінің Шонай ауылына, Ұзынкөл елді мекеніне карантиндік режимді және шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантиндік аймақтық ветеринариялық режимін белгілеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 50
- Қабылданған күні
- 09.12.2010
- Көрсетілген редакция
- 27.12.2010 · қолданыстағы 55979_217813.kaz
- Базадағы редакциялар
- 1
- Соңғы өзгеріс
- 27.12.2010
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10ZDA00113
- ЭКБ идентификаторы
- 55979
- Редакция идентификаторы
- 55979_217813
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 06:45
0 Сайқын ауылдық округінің Шонай ауылына, Ұзынкөл елді мекеніне карантиндік режимді және шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантиндік аймақтық ветеринариялық режимін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып, Бөкей ордасы ауданының Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық Бас инспекторының 2010 жылғы 9 желтоқсандағы № 664 ұсынбасы негізінде, Сайқын ауылдық округінің Шонай ауылында және Ұзынкөл елді мекенінде ірі қара малдардың аса қауіпті қарасан ауруының таралу эпизоотиялық ошағын оқшаулау және жою мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМІН:
1 1. Сайқын ауылдық округінің Шонай ауылында, Ұзынкөл елді мекенінде ірі қара малдарынан қарасан ауруы шығуына байланысты карантиндік режим мен шектеу іс-шаралары енгізіліп, карантиндік аймақтың ветеринариялық режимі белгіленсін.
2
2. Сайқын ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы малдәрігер М. Төлегеновке, Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Бөкейордасы аудандық аумақтық инспекциясының бастығы Р. М. Зұлқашевқа (келісім бойынша) бірлесе отырып шаруашылық ұйымдастыру, санитарлық және арнайы ветеринарлық дәрігерлік шараларын уақтылы және толық орындалуын қамтамасыз ету ұсынылсын.
3 3. Осы шешімнің орындалуын қадағалап отыруды өзіме жүктеймін.
4 4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
Бөкей ордасы аудандық
мемлекеттік санитарлық–
эпидемиологиялық қадағалау
басқармасының бастығы
_____________Рамазанова Света Кадемиқызы
09.12.2010 ж.
Бөкей ордасы ауданының
мал дәрігерлік-санитарлық
бас инспекторы
_____________Сұлтанғалиев Жасқайрат
13.12.2010 ж.
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы Министрлігі
агроөнеркәсіптік кешендегі
мемлекеттік инспекция
Комитетінің Бөкей ордасы
аудандық аумақтық
инспекциясының бастығы
_____________Зұлқашев Рустем Мұлкайұлы
13.12.2010 ж.