О развитии малого и среднего бизнеса в Костанайской области Күшін жойған
Басқа 0
Қостанай облысында шағын және орта бизнесті дамыту туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімінің 19.11.2004 № 50 шешімімен.
Облыста шағын және орта бизнес саласыңда белгілі бір ілгерілеушіліктердің бар екені атап өтілсін. 1997 жылы шағын бизнес субъектілерімен 10 млрд.теңгеден астам сомаға онімдер ондірілді және қызмет көрсетілді, олардың қызметінен бюджетке 663,6 млн.теңге түсті , бұл өткен жылдың осы кездегі керсеткіштер деңгейінен 2 есе асып түседі. 48 мың азамат еңбекпен қамтамасыз етілген, қосымша 7 мыңнан астам жұмыс орны ашылган.
Осыған қарамастан шагын кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудаң аумақтық бағдарламалары және осы саланы мемлекеттік қолдау толығымен алғанда нашар жүзеге асырылуда.
Облыстың қалалары мен аудандарында шағын кәсіпкерлік саласындағы болып жатқан процестердің мониторингісінің жүйесі жолға қойылмаған. Олардың берген ақпараттары мен статистикалық
есеп мәліметтерінің арасында айтарлықтай айырмашылықтар бар екендігі байқалады.
Басымшылық жағдайда заем берушілерді анықтау және инвестициялық ахуал жасау жөніндегі жұмыс қанағаттанғысыз қалыпта ұйымдастырылған.
Кәсіпкерлер тарапынан заем берушілерге талапты күшейте түскен екінші деңгейдегі банкілердің филиалдарына айтылатын өкпе көп.
Рұқсат беретін құжаттарды толтырған кезде әуреге салу мен бюрократизмге жол беру фактілері кездеседі. Әбіресе, Қостанай қаласында рұқсат беру құжаттарын алу кезіңде әуреге салу мен негізсіз қабыл алмау фактілері бойынша шағымдар мен өтініштер көп.
Бақылау және инспекция жасау органдарының толассыз
тексеруі де шағын бизнес субъектілерінің қызметіне көп нұқсан келтіруде.
Бизнес және басқару, кәсіпкерлікті дамыту саласында мамандар даярлауға жеткілікті түрде коңіл бөлінбейді. Жұмыс істеп жатқан шағын және орта бизнес субъектілерінің қайтарымы шамалы.
Олардың көпшілігі салықтан бой тасалайды. Әсіресе, мұндай жағдайдын коммерциялық сатып алу қызметі саласына қатысы бар.
Жоғарыда айтылғандарды басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Президентінде облыс әкімдерімен өткізілген 1997 жылғы 10 наурызда II—ІІ6 хаттамалық шешімін орындауда ШЕШТІМ:
Тармақ 1
1. Қалалар және аудандар әкімдері:
- 1996 жылға арналған шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудын аумақтық бағдарламаларың жүзеге асыруға бағытталған іс- қимылды жаңдандырсын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің талаптарына сәйкес шағын және орта бизнесті одан әрі дамыту жөнінде шаралар қабылдасын;
- жергілікті жерлерде статистика және салық инспекциясы органдарымен бірлесе отырып, 1997 жылға жене 1998 жылдың 1 қаңтарына кәсіпорындар қызметінің негізгі тоқсандық көрсеткіштерін анықтасын және есеп беру мәліметтерінен алшақтық жібермей
1998 жылдаң 1 сәуірінен қалдырмай облыстық экономика басқармасына түсірсін;
- 1 мамырға дейін "Шағын және орта бизнесті, фермер шаруашылықтарын, жұмыс орнын жасауды дамытуды кредиттеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 12 ақпандағы № 104 Қаулысына сәйкес аумақта заем қаржыларын орналастыру жөнінен ұйымдастыру жұмыстарын жүргізсін;
- тексерулерді қайталауды болдырмау мақсатында 1998 жылдың 1 сәуіріне дейін жергілікті жерлерде 1998 жылға тексерулерді үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық кеңестер құрсын және олардың тиімді жұмысын қамтамасыз етсін;
- үстіміздегі жылдың 5 мамырына дейін шағын кәсіпкерлікті дамыту және анықталған кемшіліктерді жою жөніндегі аумақтық бағдарламалардың орындалу барысы туралы есеп берсін.
Тармақ 2
2. Қалалар әкімдері:
- өндірісті орнықтыру және пәтерлердің жоспарын қайта жасауға рұқсат беретін құжаттарды алуды жөңілдету жөнінде қажетті шаралар қабылданбағанына көңіл аударсын;
- үстіміздегі жылдың 10 сәуіріне дейін осы мәселе бойынша атқарылған жұмыс туралы мәліметті облыстық экономика басқармасына түсірсін.
Тармақ 3
3. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы үстіміздегі жылдың 15 сәуіріне дейінгі мерзімде "Ауылшарушылық жобаларын қосыла қаржыландыруда жүзеге асыру турады" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 22 желтоқсандағы № 1818 Қаулысы бойынша әр ауданнан кредиттік ресурстар алуға төлем қабілеті бар шаруашылық жүргізуші субъектілердің кем дегенде 3-4 жобасын таңдап алсын.
Тармақ 4
4. Облыстық кеден және салық комитеттерінен салық төлемдерін толығырақ өндіру мақсатында 1997 жылға және 1998 жылдың қаңтар - наурызында халық тұтыну тауарларық өндірістік-техникалық мақсаттағы өнімдерді әкелу, әкету көлемі жөнінен тексеру жасау сұралсын.
Тармақ 5
5. Облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы және шағын бизнес субъектілері үшін жеңілдетілген кредиттік ресурстарда орналастыруға қатынасушы банкілермен келісе отырып, оларды алу шарттары бұқаралық ақпарат құралдарында көрсетілсін. Осы секторды дамытуға кедергі келтіретін факторларды анықтау мақсатында шағын бизнес және кәсіпкерлік субъектілеріне сауал-сұрақ жүргізілсін. Жинақталған материал 1998 жылдың 1 мамырына дейінгі мерзімде облыстық экономика басқармасына түсірілсін.
Тармақ 6
6. Облыстық экономика басқармасы:
- қалалар және аудандар әкімдерінің рейтингтік бағалау жүйесіне, шағын бизнес және кәсіпкерліктің дамуын сипаттайтын мынандай көрсеткіштер енгізілсін:
жұмыс істеп жатқан кәсіпорындардың саны, шағын бизнес саласында қамтылғандардың саны, шығарылған өнімнің көлемі, бюджетке төлем;
- осы шешімнің орындалуына бақылау жасау жүзеге асырылсын.