Құжат мәтініне өту

Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балалары мен ата-аналарына (заңды өкілдеріне) әлеуметтік көмек көрсету туралы

Қаулы · № 217 · қабылданған 25.11.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2011 редакциясы
https://adilet.kz/laws/doc-56001/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балалары мен ата-аналарына (заңды өкілдеріне) әлеуметтік көмек көрсету туралы Күшін жойған Қаулы ·№ 217 ·25.11.2010
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.

Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балалары мен ата-аналарына (заңды өкілдеріне) әлеуметтік көмек көрсету туралы

ҚАЗҮйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балалары мен ата-аналарына (заңды өкілдеріне) әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған Қаулы ·№ 217 · қабылданған 25.11.2010

ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды

Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балалары мен ата-аналарына (заңды өкілдеріне) әлеуметтік көмек көрсету туралы
Атауы (қаз.)
Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балалары мен ата-аналарына (заңды өкілдеріне) әлеуметтік көмек көрсету туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
217
Қабылданған күні
25.11.2010
Көрсетілген редакция
15.08.2011 · қолданыстағы AI56001_1.kaz
Базадағы редакциялар
1
Соңғы өзгеріс
15.08.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V10NP000111
ЭКБ идентификаторы
56001
Редакция идентификаторы
AI56001_1
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 06:53

0 Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балалары мен ата-аналарына (заңды өкілдеріне) әлеуметтік көмек көрсету туралы

"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына, "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 16-бабына, "Науырзым ауданының 2010-2012 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы" мәслихаттың 2009 жылғы 25 желтоқсандағы № 233 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Науырзым аудандық мәслихатының 2010 жылғы 22 қазандағы № 310 шешіміне сәйкес (нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тізілімінде 9-16-110 нөмірімен тіркелген, 2010 жылғы 30 қазанда "Науырзым тынысы" аудандық газетінде жарияланған), "Үйде тәрбиеленіп оқытылатын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында Науырзым ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Жергілікті бюджет есебінен үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балалары бар ата-аналарына (заңды өкілдеріне) тиісті жылға заңнамамен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің сегіз есе көлемінде ай-сайынғы әлеуметтік көмек көрсету қамтамасыз етілсін.

2 2. "Науырзым ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу бойынша уәкілетті орган болып белгіленсін.

3 3. Мыналар белгіленсін:

1 1) әлеуметтік көмек үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балалары бар ата-аналарына (заңды өкілдеріне) көрсетіледі;

2 2) әлеуметтік көмек үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балалары бар ата-аналарына (заңды өкілдеріне) арыз берілген айдан бастап ағымдағы тоқсанға тағайындалады және тиісті оқу жылы бойы төленеді;

3 3) мүгедек балалар интернат үйлерінде немесе санаторлық мектептерде тұратын кезде әлеуметтік көмек төленбейді.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Х.С. Қуатқановқа жүктелсін.

5 5. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.