О некоторых вопросах акционерного общества "Национальный аналитический центр при Правительстве Республики Казахстан" Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.03.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Ұлттық талдамалық орталық" акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен «Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Ұлттық талдамалық орталық» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қоғам) акцияларының мемлекеттік пакетін «Назарбаев Университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамның (бұдан әрі - Университет) жарғылық капиталын төлеуге беруді қамтамасыз етсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі: Университетпен бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қоғамды қайта атауды қамтамасыз етсін; осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
Тармақ 3
3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
Тармақ 4
­4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 желтоқсандағы № 1358 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
Тармақ 1
1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13,124-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде: «Астана қаласы» деген бөлімде: реттік нөмірі 21-96-жол алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында: көрсетілген қаулыға қосымшада: «Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі» деген бөлімдегі реттік нөмірі 304-жол алынып тасталсын.
Тармақ 3
3. «Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қыркүйектегі № 993 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 29, 327-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің қарауындағы ұйымдардың тізбесінде: реттік нөмірі 4-жол алынып тасталсын.
Тармақ 4
4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.03.19 № 340 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.