О переименовании улиц в городе Ерейметау Ерейментауского района Акмолинской области Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.11.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ақмола облысы Ерейментау ауданы Ерейментау қаласының көшелерін қайта атау туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 4 тармақшасына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 12 бабының 5-1 тармақшасына, тұрғындардың пікірлерін ескере отырып, Ерейментау ауданы әкімдігі жанындағы тіл саясаты және онамастика жөніндегі аудандық комиссиясының 2010 жылғы 14 қазандағы шешіміне сәйкес, Ерейментау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ және Ерейментау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Ақмола облысы Ерейментау ауданы Ерейментау қаласының көшелері:
Тармақша 1
1) Дружба көшесі Жеңіс көшесіне;
Тармақша 2
2) Правобережная көшесі Молдажан Жадайұлы атындағы көшесіне;
Тармақша 3
3) Победа көшесі Үмбетей жырау атындағы көшесіне қайта аталсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы мен шешім Ерейментау ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» «Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы М.Б. Әдірешев «Сәулет және қалақұрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Н.К. Батенов