Тасарық ауылындағы атауы жоқ көшеге Қанатбаев Шахмаранның атын қою туралы Қолданыста
Басқа 0
Тасарық ауылындағы атауы жоқ көшеге Қанатбаев Шахмаранның атын қою туралы
"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңдарын басшылыққа ала отырып және ономастика комиссиясының 2010 жылғы 11 маусымдағы N 8 ұйғарымына сәйкес ШЕШЕМІН:
Тармақ 1
1. Тасарық ауылының солтүстік-батыс жағындағы атауы жоқ көше Ұлы Отан соғысына қатысушы Қанатбаев Шахмаран атындағы көше болып аталсын.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауға алуды өз міндетіме қалдырамын.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.