Об организации и обеспечении проведения приписки граждан Республики Казахстан мужского пола к призывному участку государственного учреждения "Объединенный отдел по делам обороны Костанайского района Костанайской области" Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.12.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Қостанай облысы Қостанай ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне Қазақстан Республикасының ер жынысты азаматтарының тіркеуін өткізу ұйымдастыру мен қамтамасыз ету туралы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес, "Әскери міндет және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 17-бабын іске асыру мақсатында ШЕШТІМ:
Тармақ 1
1. 2011 жылдың қаңтарынан бастап наурызына дейін "Қостанай облысы Қостанай ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне тіркеу жылы он жеті жасқа толған Қазақстан Республикасының ер жынысты азаматтарын тіркеуді өткізуді ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін.
Тармақ 2
2. Селолық округтар, селолар, Затобол кентінің әкімдері тіркеу өткізу кезеңінде "Қостанай облысы Қостанай ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне шақырылушыларды хабардар етуді ұйымдастырсын және уақытында келуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қостанай облысының Ішкі істер департаменті Қостанай аудандық ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығына (келісім бойынша) тіркеу өткізу кезеңінде шақырылушылардың арасында қоғамдық тәртіпті сақтау үшін жұмыс ұйымдастыру ұсынылсын.
Тармақ 4
4. "Қостанай облысы Қостанай ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығына (келісім бойынша) Қостанай ауданы әкімдігінің "Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесімен бірлесіп тіркеу өткізу кезеңінде ұсынылсын:
Тармақша 1
1) әскери оқу орындарына үміткерлерді іріктеудегі тапсырманы ауданның оқу орындарына жеткізу;
Тармақша 2
2) алғашқы әскери даярлаудың оқытушы - ұйымдастырушыларын әскери-оқу орындары туралы анықтамалық материалдармен қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жұмыс ұйымдастыру, әскери-оқу орындарына үміткерлерді іріктеу бойынша жұмыстың басталғаны туралы хабарландыру беру;
Тармақша 4
4) тіркеу уақытында әскери-оқу орына түсудегі әскери - кәсіптік бағдарлау мақсатында әскерге шақырылушылардың әрқайсысымен жеке-жеке әңгімелесу өткізу.
Тармақ 5
5. Қостанай облысы әкімдігінің Денсаулық сақтау басқармасының "Қостанай аудандық орталық аурухана" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіп-орынның бас дәрігеріне (келісім бойынша) тіркеуді өткізу бойынша іс-шаралар өткізу ұсынылсын.
Тармақ 6
6. Осы шешім оны алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ: "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қостанай облысының Ішкі істер департаменті Қостанай аудандық ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы _______________ С. Байгонов Қостанай облысы әкімдігінің Денсаулық сақтау басқармасының "Қостанай аудандық орталық аурухана" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның бас дәрігері ________________ Б. Утебекова "Қостанай облысы Қостанай ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы ___________________ Р. Саттаров