Көше атауларын өзгерту туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.11.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Көше атауларын өзгерту туралы Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес және аумақ халқының пікірін ескере отырып, ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Бірлік ауылдық округінің Қоңырат елді мекеніндегі Киров көшесін «Шаттық көшесі» және Пушкин көшесін «Жеңіс көшесі» деп атаулары өзгертілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды ауылдық округі әкімінің орынбасары Л.Нуртаеваға жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.