Азаматтарды аудандық шақыру учаскелеріне тіркеу туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.05.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Азаматтарды аудандық шақыру учаскелеріне тіркеу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 8-тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17-бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Тіркелетін жылы 17 жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды, 2011 жылдың қаңтар-наурызда аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөліміне (Ә.Аяпов-келісім бойынша) шақыру учаскесінде тіркеуден өткізу ұсынылсын.
Тармақ 2
2. Азаматтарды аудандық шақыру учаскелеріне тіркеуді ұйымшылдықпен және сапалы өткізу мақсатында мына төмендегі құрамда шақыру комиссиясы құрылсын: Аяпов Әкім Серікбайұлы -аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша); Есенбеков Пердеш -ауданның ішкі саясат бөлімінің бастығы, комиссия төрағасының орынбасары; Қалдыбаев Мұрат Қалтұрсынұлы -аудандық ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары (келісім бойынша); Байжанов Бораш -Мырзакент емханасының терапевт дәрігері, медициналық сараптау комиссиясының төрағасы (келісімі бойынша); Досымбетова Халима -аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің әскерге шақырылушылармен жұмыс жүргізу жөніндегі инспекторы, комиссия хатшысы (келісімі бойынша).
Тармақ 3
3. Қала, кенттер, ауылдық округтер әкімдері және ұйымдардың басшылары 2010 жылдың 29 желтоқсанға дейін аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөліміне тіркеуге жататын жастардың тізімін тапсыру ұсынылсын.
Тармақ 4
4. Аудандық емхананың бас дәрігері (Б.Ақылбеков – келісім бойынша):
Тармақша 1
1) шақыру учаскелеріне тіркелу кезінде азаматтардың әскери қызметке дайындық деңгейін анықтау үшін медициналық комиссиядан өткізу жұмыстарын ұйымдастыру ұсынылсын;
Тармақша 2
2) комиссия жұмыстары біткенге дейін комиссиядағы дәрігерлер мен медбикелерді тіркеу жөніндегі комиссияның жұмыс уақытында, негізгі жұмыс орны мен атқаратын қызметі сақтала отырып, жұмыстан босату ұсынылсын.
Тармақ 5
5. Аудандық білім бөлімі (Қ.Бапаев):
Тармақша 1
1) аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімге мектептердегі жастарды тіркеуді ұйымшылдықпен өткізуді қамтамасыз ету тапсырылсын;
Тармақша 2
2) көрсетілген мерзімге тіркеуден өтетін жастардың тізімін, құжаттарын әскери комиссариатқа жіберілуін мектеп директорларына тапсырсын.
Тармақ 6
6. Аудандық ішкі істер басқармасы (М.Қалдыбаев – келісім бойынша):
Тармақша 1
1) тергеу жұмыстарына және қылмыстық істерге тартылған 17 жасқа толатын азаматтардың тізімін аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөліміне тапсыру ұсынылсын;
Тармақша 2
2) әскерге шақыру учаскелеріне тіркеуден жалтарып жүргендерді іздеу және әскерге шақыру учаскелеріне оларды жеткізу жөніндегі жұмыстарын ұйымдастыру ұсынылсын.
Тармақ 7
7. Аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі (Ә.Аяпов – келісім бойынша):
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне әскери-техникалық мамандықтар бойынша азаматтарды даярлау және жоғары әскери оқу орындарына түсу үшін кандидаттарды іріктеу жұмыстарын жүргізу ұсынылсын;
Тармақша 2
2) азаматтарды дер кезінде тексерілуін және емделуін қамтамасыз ету мақсатында қажетті дәрі-дәрмекке және дәрігерлік құрал-жабдықтарға қаралған қаржыны қамтамасыз ету ұсынылсын;
Тармақша 3
3) тіркеу қорытындылары туралы мәліметті аудан әкіміне 2011 жылдың 8 сәуіріне дейін тапсыру ұсынылсын.
Тармақ 8
8. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 9
9. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Ешанқұловаға жүктелсін. КЕЛІСІЛДІ: Аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы Ә.С.Аяпов 15 желтоқсан 2010 жыл Аудандық ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары М.Қ.Қалдыбаев 15 желтоқсан 2010 жыл Аудандық емхананың бас дәрігері Б.Ж.Ақылбеков 15 желтоқсан 2010 жыл Мырзакент емханасының терапевт дәрігері Б.Байжанов 15 желтоқсан 2010 жыл