Каменка ауылындағы көшелерінің атауын өзгерту туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.12.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Каменка ауылындағы көшелерінің атауын өзгерту туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабының 2-тармағына сәйкес, 1993 жылдың 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4 тармағына сәйкес, Каменка ауылындағы 50 лет Каз.ССР, 50 лет ВЛКСМ көшелері тұрғындарының пікірін ескере отырып, ШЕШЕМІН:
Тармақ 1
1. Каменка ауылындағы көшелерінің атаулары төмендегідей өзгертілсін:
Тармақша 1
1) 50 лет Каз.ССР көшесі – Қазақстан көшесіне;
Тармақша 2
2) 50 лет ВЛКСМ көшесі – Абай көшесіне.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын қадағалауды өз құзырымда қалдырамын.