О порядке установления платы за коммунальные услуги Күшін жойған
Басқа 0
Коммуналдық қызметтер үшiн төлем белгiлеудiң тәртiбi туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімінің 19.11.2004 № 50 шешімімен.
«Коммуналдық қызметтер үшiн төлем белгiлеудiң тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 29 қыркүйектегi № 1377 Қаулысына сәйкес және базалық ПИК орнатқан газ есептегiш приборлардың көрсеткiштерi бойынша жүргiзiлген есептеулер негiзiнде ШЕШТIМ:
Тармақ 1
1. 1998 жылғы 1 сәуiрден қосымшаға сәйкес есептегiш приборларсыз есеп айырысу үшiн халықтың газды тамақ дайындауға, су жылытуға пайдалану нормасы белгiленсiн.
Тармақ 2
2. Осы шешiмнiң орындалуына бақылау жасау облыс Әкiмiнiң орынбасары Ә.Н. Қайшароваға жүктелсiн.
Басқа 3. Табиғи газды шаруашылық-тұрмыстық мұқтаждар үшiн,
тұрғын үй мен басқа жайларды жылытуға, тамақ дайындауға,
су жылытуға пайдаланудың орташа жылдық нормасы
Қазақстан Республикасы
Қостанай облысы Әкiмiнiң
1998 жылғы 31 наурыздағы
№ 49 шешiмiне қосымша
Табиғи газды шаруашылық-тұрмыстық мұқтаждар үшiн,
тұрғын үй мен басқа жайларды жылытуға, тамақ дайындауға,
су жылытуға пайдаланудың орташа жылдық нормасы
Айына 1 адамға газды пайдаланудың орташа жылдық нормасы (текше метр):
- газ плитасы болғанда және орталықтандырылған ыстық сумен қамтамасыз етiлгенде - 9
- газ плитасы болғанда,орталықтандырылған ыстық сумен жабдықталмағанда және газбен
су жылыту қондырғысы болмағанда - 11,25
- газ плитасы, газбен су жылыту қондырғысы болғанда және орталықтандырылған сумен
жабдықталмағанда - 16,65
- моншада су жылыту қондырғысы болғанда - 7,65
- айына 1 шаршы метр жерге от жағу кезеңiнде төлеу жағдайында тұрғын үймен басқа
жайларды жылытуға газды пайдалану (текше метр) - 8,5
Ескерту: Газ есептегiш болған жағдайда газды пайдалану көлемi, газды пайдалану мақсатына қарамастан, есептегiш бойынша анықталады.