Шиелі кентінің Солтүстік - Шығыс беткейінен ашылған мөлтек ауданға "Арай" атауын беру туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.11.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Шиелі кентінің Солтүстік - Шығыс беткейінен ашылған мөлтек ауданға "Арай" атауын беру туралы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 37- бабының 3 тармағын, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14- бабының 4-тармақшасын басшылыққа ала отырып, аудандық ономастикалық комиссия мәжілісінің 2010 жылғы 02 қазандағы N 3 ұсыныс хаттамасына сәйкес ШЕШЕМІН:
Тармақ 1
1. Шиелі кентінің Солтүстік - Шығыс беткейінен ашылған мөлтек ауданына "Арай" атауы берілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.