Омарбек Анарбековке көше атын беру туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.12.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Омарбек Анарбековке көше атын беру туралы Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес және ауыл тұрғындарының пікірін ескере отырып 2010 жылғы 9 желтоқсандағы жалпы жиналысының хаттамасы негізінде ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Шолаққорған ауылының жаңа атауы жоқ көшесіне ауданға еңбегі сіңген азамат Омарбек Анарбековтің аты берілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау бас маман іс басқарушы Т.Шайдазимовқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.