Об организации и обеспечении проведения приписки граждан Республики Казахстан мужского пола к призывному участку государственного учреждения "Объединенный отдел по делам обороны Костанайского района Костанайской области" Қолданыста
Басқа 0
"Қостанай облысы Қостанай ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне Қазақстан Республикасының тіркеуін өткізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабына сәйкес, "Әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 17 бабының 3-тармағын іске асыру мақсатында ШЕШТІМ:
Тармақ 1
1. 2011 жылдың қаңтар-наурызында "Қостанай облысы Қостанай ауданының қорғаныс iстерi жөнiндегi бiрiктiрiлген бөлiмi" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесiне тіркеу өткізу жылы он жеті жасқа толған Қазақстан Республикасының еркек жынысты азаматтарының тiркеуін өткізу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
Тармақ 2
2. Селолық округтер, селолар әкімдері тіркеуді өткізу кезеңінде "Қостанай ауданының қорғаныс iстерi жөнiндегi бiрiктiрiлген бөлiмi" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесiне шақырылушыларды хабардар етуді және олардың уақытында келуін ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. "Қазақстан Республикасы ішкі істер Министрлігі Қостанай облысы ішкі істер Департаментінің Алтынсарин ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) тіркеу жүргізу кезеңінде өз құзіреті шегінде әскери міндеттерін орындаудан қашқан тұлғаларды іздестіру және ұстауды жүзеге асыру ұсынылсын.
Тармақ 4
4. "Қостанай облысы Қостанай ауданының қорғаныс iстерi жөнiндегi бiрiктiрiлген бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiне (келiсiм бойынша) "Алтынсарин ауданы әкімдігінің білім беру, дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесімен бірлесіп тіркеу өткізу кезеңінде:
Тармақша 1
1) әскери оқу орындарына үмiткерлердi iрiктеудегі тапсырманы оқу мекемелерiне жеткiзу;
Тармақша 2
2) бастапқы әскери даярлаудың оқытушы-ұйымдастырушыларын әскери-оқу орындары жөніндегі анықтамалық материалдармен қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) тiркеу уақытында әскери-оқу орнына түсудегi әскери-кәсiптік бағдарлау мақсатында әскерге шақырушылардың әрқайсысымен жеке әңгiмелесу өткiзу ұсынылсын.
Тармақ 5
5. "Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының Алтынсарин аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының бас дәрігеріне (келісім бойынша) тіркеу жөніндегі іс шаралар өткізу ұсынылсын.
Тармақ 6
6. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкiмiнің бірінші орынбасары міндетін атқарушы С.С. Құсайыновқа жүктелсiн.
Тармақ 7
7. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
"Қостанай облысы Қостанай
ауданының қорғаныс iстерi
жөнiндегi бiрiктiрiлген бөлiмi"
мемлекеттiк мекемесiнің бастығы
___________________ Р. Саттаров
"Қазақстан Республикасы ішкі
істер министрлігі Қостанай
облысы ішкі істер Департаментінің
Алтынсарин ауданының iшкi iстер
бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiнiң
бастығы
______________________ Б. Шубаев
"Қостанай облысы әкімдігінің
денсаулық сақтау басқармасының
Алтынсарин аудандық орталық
ауруханасы" мемлекеттiк коммуналдық
қазыналық кәсiпорынының бас дәрiгерi
______________________ Б. Қаңтарбаев