Әлеуметтік көмек туралы Қолданыста
Басқа 0
Әлеуметтік көмек туралы
Республикасының "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жергілікті басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағы 14-тармақшасын және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 16-бабын басшылықка ала отырып Текелі қаласының әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. "Текелі қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (А. Қанағатов) жергілікті бюджетте қарастырылған қаржы көлемінде міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарына сәйкес әлеуметтік көмекті қаржыландыруды жүргізсін;
Тармақша 1
1) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушы болып табылатын аз қамтамасыз етілген отбасыларына, соның ішінде кәсіби оқытудан өткен азаматтарға жеке қосалқы мал сатып алуына, тұқым сатып алуына, халық кәсіпшілігін дамытуға, жеке меншік іс ашу үшін;
Тармақша 2
2) жұмыс істеген және жұмыссыз азаматтарды жерлеуге;
Тармақша 3
3) үйде тәрбиеленіп оқытылатын мүгедек балалар үшін.
Тармақ 2
2. "Текелі қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (О.Вершинина) тағайындау мен төлеуді қамтамасыз етсін:
Тармақша 1
1) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушы болып табылатын аз қамтамасыз етілген отбасыларына, соның ішінде кәсіби оқытудан өткен азаматтарға жеке қосалқы шаруашылығына мал сатып алуына, тұқым сатып алуына, халық кәсіпшілігін дамытуға, жеке меншік іс ашу үшін әлеуметтік көмекті 1 қосымшаға сәйкес:
Тармақша 2
2) жұмыс істеген және жұмыссыз азаматтарды жерлеуге біржолғы әлеуметтік көмекті 2 қосымшаға сәйкес;
Тармақша 3
3) үйде тәрбиеленіп, оқытылатын мүгедек балалар үшін әлеуметтік 3 қосымшаға сәйкес.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 4
4. Осы қаулы ресми жарияланғаннан күннен бастап 10 күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.
Басқа 11
Текелі қаласы әкімиятының
2005 жылғы 15 маусымдағы
№ 95 қаулысына 1 қосымша
"Әлеуметтік көмек туралы"
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушы болып табылатын аз
қамтамасыз етілген отбасыларына, соның ішінде кәсіби оқытудан
өткен азаматтарға жеке қосалқы шаруашылығына мал сатып алуына,
тұқым сатып алуына, халық кәсіпшілігін дамытуға, жеке меншік іс
ашу үшін әлеуметтік көмек туралы
Тармақ 1
1. Біржолғы әлеуметтік көмек мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушы болып табылатын аз қамтамасыз етілген отбасыларына, соның ішінде кәсіби оқытудан өткен азаматтарға жеке қосалқы шаруашылығына мал сатып алуына, тұқым сатып алуына, халық кәсіпшілігін дамытуға, жеке меншік іс ашу үшін 30000 теңгеден 70000 теңге мөлшерінде учаскелік комиссияның шешімімен негізделген есеп (бизнес жоспар) пен төмендегі құжаттарды ұсынғанда тағайындалады және төленеді:
Тармақша 1
1) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушының учаскелік комиссияға, әлеуметтік көмекті қандай мақсатқа және қызмет түріне жұмсайтынын, сонымен қатар әлеуметтік көмекті төлеу бойынша ұйымдарда ашылған шоттарының нөмірін көрсете отыра (екінші деңгейдегі банк филиалдары немесе осы операцияларды орындауға лицензиялары бар басқа да ұйымдар) жазған өтініші;
Тармақша 2
2) жер учаскесінің бар екенін растайтын анықтама немесе жерді жалға алғаны туралы келісім-шарты;
Тармақша 3
3) халық кәсіпшілігін дамытуға, өз жеке ісін ашуға негізделген есеп (бизнес жоспар).
Тармақша 4
4) кәсіби оқытудан өткен жұмыссыздарға қосымша біліктілік берілгені туралы куәліктің көшірмесі және оқу орнының үлгерім деңгейін көрсететін кепілдемесі мен бизнес жоспарының жақсы бағасы;
Тармақша 5
5) қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бастығының, әлеуметтік көмекті алушының және қала әкімінің орынбасарының атынан учаскелік комиссияның төрағасы, Рудничный поселкесінің әкімі арасындағы үш жақты келісім.
"Текелі қаласының жұмыспен
қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
бастығы
О. Вершинина
Басқа 18
Текелі қаласы әкімиятының
2005 жылғы 15 маусымдағы
№ 95 қаулысына 2 қосымша
"Әлеуметтік көмек туралы"
Жұмыс істеген және жұмыссыз азаматтарды
жерлеуге әлеуметтік көмек туралы
1. Жұмыс істеген және жұмыссыз азаматтарды жерлеуге бір жолғы көмекті айлық есептік көрсеткіштің 10-еселенген мөлшерінде өлген күнге, 3 ай мерзім ішінде тиісті жағдай болған күннен бастап, егер қайтыс болған адам, өлген күнге кез келген меншіктегі кәсіпорындарда еңбектік қатынастарда тұрған болса, ал жұмыссыздар жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі бөлімдерде ресми түрде тіркеуде тұрған болса, төмендегі құжаттарды ұсынған жағдайда тағайындалады және төленеді:
1) отбасы табысына қарамастан әлеуметтік көмекті төлеу бойынша ұйымдарда ашылған шоттарының нөмірін көрсете отыра (екінші деңгейдегі банк филиалдары немесе осы операцияларды орындауға лицензиялары бар басқа да ұйымдар) отбасы мүшелерінің, немесе жерлеуді ұйымдастыруды өзіне алған адамның өтініші;
2) өтініш берушінің жеке басын куәләндыратын құжаты, салық төлеушінің нөмірі;
3) АХАЖ орындарынан берілетін, сақтандыру кассанына өткізілетін қайтыс болғаны туралы анықтама (түпнұсқасы);
4) еңбек қатынастарын растайтын құжат (еңбек кітапшасы, жұмыс орнынан анықтама, еңбек келісім шарты);
5) жұмыссыз жағдайын растайтын анықтама.
"Текелі қаласының жұмыспен
қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
бастығы
О. Вершинина
Басқа 19
Текелі қаласы әкімиятының
2005 жылғы 15 маусымдағы
№ 95 қаулысына 3 қосымша
"Әлеуметтік көмек туралы"
Үйде тәрбиеленіп оқытылатын мүгедек балалар үшін әлеуметтік
көмек туралы
Тармақ 1
1. Үйде төрбиеленіп, оқытылатын мүгедек балалар үшін әлеуметтік көмек есептік көрсеткіштің 8-еселенген мөлшерінде тоқсанына әр мүгедек балаға, туылған, асырап алынған сонымен қатар қамқорлыққа алынған мүгедек балаларға 18 жасқа дейін (толық мемлекеттік қамсыздандырудағы мүгедек балалар мен ата-ана құқығынан айырылғандар мүгедек балаларға қатыстыларлан басқа) облыстық медициналық педагогикалық комиссиясы берген анықтамада көрсетілгендей, мүгедек баланы үйде тәрбиелеу мен оқытудың қажеттілігі танылған сәттен бастап ата-анасының біреуіне немесе олардың орнындағы адамға отбасының кірісіне қарамастан өткен тоқсанға төлеуге төмендегі құжаттарды өткізген жағдайда тағайындалады және төленеді:
Тармақша 1
1) әлеуметтік көмекті төлеу бойынша ұйымдарда ашылған шоттарының нөмірін көрсете отыра (екінші деңгейдегі банк филиалдары немесе осы операцияларды орындауға лицензиялары бар басқа да ұйымдар) ата-анасының біреуінің немесе олардың орнындағы адамның өтініші;
Тармақша 2
2) өтініш берушінің жеке басын куәләндыратын құжаты, сонымен қатар оралмандарға қоныстану ықтиярхаты немесе оралманның куәлігі;
Тармақша 3
3) мүгедек баланың туу туралы куәлігі;
Тармақша 4
4) дәрігерлік әлеуметтік сараптау комиссиясының мүгедектікті бекіту анықтамасы (бекітілген үлгі бойынша);
Тармақша 5
5) отбасының құрамы көрсетілген тұрғылықты жерінен анықтама;
Тармақша 6
6) облыстық білім департаментінің жанындағы ведомствоаралық-психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссияның мүгедек баланы үйде тәрбиелеу мен оқытудың қажеттілігі туралы қорытындысы.
"Текелі қаласының жұмыспен
қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
бастығы
О. Вершинина