Ақши ауылына жаңа көшелердің атын беру туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.02.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ақши ауылына жаңа көшелердің атын беру туралы Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару туралы Заңын, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабын, Ақши ауылы тұрғындарының 2007 жылғы 17 желтоқсандағы ауыл жанындағы өтініштері мен аудандық ономастика кеңесінің 2007 жылғы 26 желтоқсандағы N 4 келісімін, Ақши ауылының қосымша бас жоспарын басшылыққа ала отырып,.округ әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ақши ауылындағы жаңа көшелер: - Наурызбай батыр - Өтеген батыр - Артық батыр - Сатай батыр - Қалқабай батыр - Жетісу - Төле би - Қазыбек би - Мусралиев Көсембай көшесі деп аталсын.
Тармақ 2
2. Тиісті қызмет көрсететін мемлекеттік, мемлекеттік емес мекемелерге Ақши ауылындағы жаңа көшелер таныстырылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешім аудандық Әділет басқармасында тіркеуге ұсынылып, жарияланып, 10 күннен кейін қолданысқа енгізілсін.
Тармақ 4
4. Осы шешімнің орындалуын қадағалау округтің бас маманы Апсалимова С.А. жүктелсін.