Қолданыстағы ред. 03.12.2010

Үштөбе қаласының "Көкдала" ықшам ауданында жаңа көшелерге атау беру туралы от 03.12.2010 г. № 41-199 (Үштөбе қаласының "Көкдала" ықшам ауданында жаңа көшелерге атау беру туралы)

0

Үштөбе қаласының "Көкдала" ықшам ауданында жаңа көшелерге атау беру туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 12-бабының 5-1)-тармақшасына сәйкес, Үштөбе қаласының тұрғындарының пікірін ескере отырып, аудан әкімінің 2010 жылғы 01 қарашадағы N 2-10-777 хатының және аудан әкімдігі жанындағы қоғамдық ономастикалық кеңесінің келісімі негізінде аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ және аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Үштөбе қаласының "Көкдала" ықшам ауданында жаңа көшелерге келесідей ат қойылсын:
бірінші көшеге - Көкдала;
екінші көшеге - Балқаш;
үшінші көшеге - Жетісу;
төртінші көшеге - Алатау;
бесінші көшеге - Кеңдала;
алтыншы көшеге - Жаңалық.

2

2. Осы бірлескен шешім мен қаулының орындалуын Үштөбе қаласы әкімі (Амандос Сайлаубайұлы Хабаров) жүзеге асырсын.

3

3. Осы бірлескен шешім мен қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің бірінші орынбасары (Айбек Сапарбекұлы Қонақбаевқа) және аудандық мәслихаттың заңдылықты сақтау жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы (Рысхан Аманжолұлы Тәпеновке) жүктелсін.

4

4. Осы бірлескен шешім мен қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.