Шиелі кентінен атауы жоқ көшеге Мұхамеджан Қаратаевтың есімін беру туралы Қолданыста
Басқа 0
Шиелі кентінен атауы жоқ көшеге Мұхамеджан Қаратаевтың есімін беру туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабының 3-тармағын басшылыққа ала отырып, аудандық ономастикалық комиссия мәжілісінің 2010 жылғы 09 наурыздағы N 3 ұсыныс хаттамасына сәйкес ШЕШЕМІН:
Тармақ 1
1. Шиелі кенті "Шиелі-Жахаев" автожолы бойындағы ұзындығы 920 метр атауы жоқ көшеге Қазақстан Республикасының халық жазушысы Мұхамеджан Қаратаевтың есімі берілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.